Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары

Білім беру бағдарламасы ғылым мен техника саласындағы ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл) және бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1,5 жыл) магистрлерді даярлауға бағытталған.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы түлектерге 6М071800 – "Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі, ал бейіндік бағыттағы түлектерге 6М071800 – "Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториялары:

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет ету саласы - жаңартылатын энергия объектілерін жобалауға, өндіруге және пайдалануға бағытталған адам қызмет көрсетудің технологиялары, құралдары, әдістері мен тәсілдерің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы.

Кәсіби қызмет объектілері

Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары келесі болып табылады:

- жаңартылатын және балама көздерге негізделген энергетикалық кәсіпорындар;

- жаңартылатын энергия өндірісінің объектілірі және оларды релелік қорғауы және автоматикасы;

- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен елді мекендерді жаңартылатын энергия көздері арқылы электрмен және жылумен қамтамасыз ету;

- алыс жерде орналасқан тұтынушыларды жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету;

Кәсіби қызмет пәндері келесідей:

-Перспективалы ЖЭК ресурстарын зерттеу және талдау

-Автономды ЖЭК жүйесіндегі энергияны үнемдеу

-Энергетикалық жүйеге ЖЭК интеграциясы және электрмен жабдықтау сенімділігі

-Электр машиналары және энергияны сақтау

-Технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ЖЭК жобаларының тиімділігін бағалау

-ЖЭК энергия объектілердің кешенді пайдалану

-ЖЭК арналған қондырғыларды пайдалану ерекшеліктері

-ЖЭК жүйелеріндегі авариялық және автоматты басқару

Материалдық-техникалық база:

- «Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу» оқу-ғылыми зертханасы, келесі заманауи зертханалық стендтері бар: желілік және автономды режимде жұмыс істейтін жел турбиналары, күн фотоэлектрлік жүйелері.

-  электр машиналары, электр аппараттары, электрмен жабдықтау, түрлендіру техникасы, электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы бойынша оқу – зерттеу зетрханалары;

- төмен және орта кернеулі электр аппараттарының зертханалары;

- институттың өндірістік зертханаларының тәжірибелік қондырғылары;

- релелік қорғаныстың зауыттық бағанасы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider elektrik РЗАСИСТЕМС фирмаларының сандық релелік қорғанысы;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens, IEK фирмаларының кернеуі 1000 В-қа дейін және одан жоғары коммутациялық қондырғылары;

-  компьютерлік-телевизиялық аудиториялар  және Power Factory DigSILENT, CHVlaboratory, PS CAD, RastrWIN, MatCad, MatLab және тағы басқа арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлік зертханалық  класстар;

Біз неге үйретеміз?

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми жобаларды әзірлеу және тиімді стартаптар құруды; 

- электр энергетикасы саласының кәсіпорындарында ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді;

- жаңартылатын энергия көздері, ЖЭК электр станциялары, электр жүйелері мен желілерінің, релелік қорғау және электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру, кәсіпорындарды электрмен жабдықтау, технологиялық кешендерді автоматтандыру жобаларын әзірлеу дағдыларына;

- кәсіпорындардың шаруашылық және өзге де қызметіне сараптама және энергия аудитін жүргізуді.

- ЖЭК электр станцияларының техникалық-экономикалық және экологиялық талдауын жүргізуді;

Түлектер қайда жұмыс істей алады?

- ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдарда, жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен ғылыми-өндірістік бірлестіктерде;

- электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну бойынша ірі электр энергетикалық кәсіпорындарда,

электр энергиясын өндіруге, таратуға және тұтынуға арналған ірі электр энергетикалық және жаңартылатын энергия көздерін пайдалынатын кәсіпорындарда;

- отандық, халықаралық және бірлескен энергетикалық компанияларда;

- әртүрлі кәсіпорындарда, компаниялар мен фирмаларда электр энергетикалық жабдықтарды жобалау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, монтаждау және баптау бойынша.

Біздің түлектер Қазақстанның ірі энергетикалық кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс істейді:

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- "KEGOC" АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭТ»  АҚ;

-  «Alageum Electric» компаниясы;

- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық  зауыты» ЖШС;

 - «Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электр транс» ЖШС;

 - «Шнейдер Электрик» ЖШС;

 - «Siemens» ЖШС;

 - «АВВ» компаниясы;

-  Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т.б-лар.

 - Капшагай Күн ЭС,

- Ерейментауская Жел ЭС

- Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т. б.