7М11201-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

7М11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»магистратурасының білім беру бағдарламасы  

Бітіруші түлекке «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі»  академиялық дәрежесі беріледі

Оқыту тілдері: қазақ, орыс

Кәсіби қызмет саласы:

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі өзінің кәсіби қызметін әскери-өнеркәсіптік кешенді, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты, өндіріс және тұтыну салаларын, тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау саласындағы мемлекеттік органдарды, экологиялық қызметтерді қоса алғанда, экономиканың барлық салаларында өндірісте жүзеге асырады.

Кәсіби қызмет объектілері:

Тіршілік қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларда қорғауды қамтамасыз ететін және өздері қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстар, жабдықтар, ақпараттық жүйелер және бағдарламалық өнімдер.

Кәсіби қызмет түрлері:

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

• ғылыми-зерттеу;

• педагогикалық;

• жобалау-технологиялық.

Оқу нәтижелері:

1. Ғылым, психология және педагогика философиясы мәселелерінде ой-өрісін көрсету, гигиена және еңбекті қорғау негіздерін оқытудың заманауи әдістемесін пайдалану, түрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табу және басқарушылық шешімдер қабылдау;

2. Халықаралық ортада ағылшын тілінде кәсіби әңгімелесу жүргізу, ғылыми-техникалық және педагогикалық мәселелердің кең ауқымы бойынша әңгімелесуді қолдай білу;

3. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау мен басқарудың қазіргі заманғы бағыттарын білу, зерттеу және мәселелерді шешу жөніндегі міндеттерді қоя білу;

4. Жарақаттануды егжей-тегжейлі талдаумен және қауіптілігі жоғары жұмыстардың ерекшелігін ескере отырып, еңбекті қорғау жүйесінің жай-күйіне сараптама жүргізу;

5. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиеттерді көрсету, бизнес шешімдерді үлгілеу кезінде іскерлік қасиеттерді көрсете білу, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқара білу;

6. Жоғары қауіпті аймақтарды болжау үшін өнеркәсіптік объектілердің өрт және электр қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг және егжей-тегжейлі талдау ұйымдастыру, оларды төмендету немесе алдын алу бойынша тиімді ғылыми және инженерлік-техникалық іс-шараларды әзірлеу білігі;

7. Жобалау және пайдалану сатыларында қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, техникалық жүйелердің сенімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және өндірістік экологиялық қызмет, оның ішінде техногендік және табиғи ТЖ кезінде тәуекелдерді есептеу білігі;

8. Техносфералық қауіпсіздік және тіршілік ету ортасының қауіпсіздігі саласында күрделі инженерлік-техникалық әзірлемелерді орындау, ғылыми зерттеулер негізінде қоршаған ортаға өнеркәсіптік шығарындыларды азайтатын заманауи құралдарды таңдау мүмкіндігі;

9. Негізгі әлеуетті қауіпті және қоршаған ортаны ластайтын технологиялық процестердің әсерін бағалауды жүргізу және өнеркәсіптік шығарындыларды, қалдықтар мен сарқынды суларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қайта өңдеу бойынша әдістер мен құралдарды таңдау бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу;

10. Қазіргі заманғы жабдықтарды қолдана отырып, инженерлік және ғылыми эксперименттер жүргізуге қатысу арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру;

11. Кәсіпорындарда еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және жұмылдыру қызметінің басшылары немесе мамандары, жобалау ұйымдарында жобалаушылар мен сарапшылар, ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс істеу;

12. Кейіннен оқу орындарында немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істей отырып, докторантурада оқуды жалғастыру.

Магистранттар «Теңізшевройл» ЖШС, «ҚазМұнайГаз»ҰК» ММ, ТЖ департаментінде, «Эколоджи Инжиниринг» ЖШС, «Смарт-Инжиниринг» ЖШС, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ және т.б. тағылымдамадан және зерттеу практикасынан өте алады.

ББ жөніндегі ғылыми қызметке 3-тен астам ғылым докторы және 8-ден астам ғылым кандидаты және 1 PhD докторы қатысады. ИЭЕҚ кафедрасының штаттық ғылыми қызметкерлерінің жалпы саны 19 адамнан асады.