Қысқы емтихан сессиясы

2020/21 оқу жылының бірінші семестрінің 15-інші аптасында студенттерден тапсырмаларды қабылдау және емтихан тестілеуін тағайындау

15-інші аптада (2020 жылғы 21 желтоқсаннан 26 желтоқсанға дейін) сабақтар кесте бойынша өтеді. Студенттерден тапсырмалар (ЕГЖ, курстық жұмыстар, зертханалық жұмыстарды қорғау) силлабустан қабылдау кестесіне сәйкес және айыппұл балдарына сәйкес қабылданады. Тапсырмаларды қабылдаудың соңғы күні 26 желтоқсан сағат 14.00-ге дейін.

28 желтоқсан – АЭжБУ ресми сайтындағы кестеге сәйкес емтихан сессиясының басталуы (Платонус арқылы тест түрінде) және білім алушылардың көпшілігінде бірінші емтихан күні. Емтихандар туралы ақпарат Платонустың «Хабарландырулар» бөлімінде де орналастырылған.

Әр студентке емтиханға 40 сұрақ беріледі.

Емтихан уақыты60 минут.

Сұрақтардың бір дұрыс жауабы болуы керек.


Емтихан өткізу кезінде студенттерге қойылатын талаптар

Визуалдық (көру) және сөйлеу этикеті

Университеттің оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары қашықтықтан оқыту немесе жұмыс форматында онлайн-сессия (бейне ағынын көрсету) өткізу кезінде визуалдық және сөйлеу этикетін сақтауға міндетті, атап айтқанда:

-ресми дресс-кодқа сәйкес келетін таза сыртқы көріністің болуы;

-дененің ашық бөліктерін көрсетуге жол бермеу;

-экран кадрларында, оның ішінде киім мен аяда арандатушылық және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және мораль нормаларын бұзатын бейнелердің болмауына шаралар қабылдау;

-сленгтік және нормативтік емес сөздерді қолданбау;

-көрсетілімге осы курс бойынша білім алушылар болып табылмайтын адамдарды қатыстырмау;

-үй жануарларын көрсетпеу;

-көңіл аударуға немесе сабақтың қалыпты барысын немесе академиялық сипаттағы өзге де іс-шараларды бұзуға әкеп соғуы мүмкін кез келген өзге  іс-әрекеттерді жасамау.

Білім алушы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқытушы немесе академиялық немесе әкімшілік өкілеттіктерге ие кез келген басқа тұлға білім алушының осы сабаққа/іс-шараға қолжеткізуін тоқтатуы немесе бұғаттауы және осы студенттің дәлелді себепсіз сабақты өткізіп алу (үзіп тастау) фактісін тіркеуі тиіс.

Аталған ережелерді бұзу сипатына байланысты университет әкімшілігі, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар тәртіп бұзушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті институт дирекциясына жүгінуге құқылы.

2020-2021 оқу жылына арналған бакалавриаттың 1,2,3-курстары үшін АЭжБУ академиялық күнтізбесі

2020-2021 оқу жылына арналған бакалавриаттың 4 (толық оқу курсы) және 3(қысқартылған оқу бағдарлама) курстары үшін АЭжБУ академиялық күнтізбесі

2020-2021 оқу жылына арналған PhD докторантура үшін АЭжБУ академиялық күнтізбесі

2020-2021 оқу жылына арналған ғылыми-педагогикалық магистратура үшін АЭжБУ академиялық күнтізбесі

2020-2021 оқу жылына арналған бейіндік магистратураның АЭжБУ академиялық күнтізбесі

Сырттай оқыту түрінің 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесі

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, бакалавриаттың күндізгі оқыту бөлімінің 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесі