Студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу және ЖОО-ның психологиялық қызметінің рөлі жөніндегі «Қауіпсіз орта» халықаралық форумы

Құрметті әріптестер, Сіздерді 2021 жылғы 7 желтоқсанда «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ негізінде өтетін студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу және ЖОО-ның психологиялық қызметінің рөлі жөніндегі «Қауіпсіз орта» Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз.

Қауіпсіз орта —адамның, қоғамның, кез-келген басқа да субъектілердің, объектілер мен жүйелердің өмірі мен іс-әрекетінің зиянды, соның ішінде адами факторлардың әсерінен қорғаныста және жайлылықта болуын сипаттайтын коп қырлы ұғым. Шын мәнінде, қауіпсіздік – ол адамның өмірі мен іс-әрекетінің, тұрғылықты жерінің, жұмысының, мекен ету жерінің, сондай-ақ материалдық, интеллектуалдық және басқа да құндылықтарының қорғалуын, жайлылықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған өлшемдер жүйесі.

Объектінің қауіпсіздік дәрежесі оның шынайы және болжамды әлеуметтік, техногендік, табиғи және адами сипаттағы қауіп-қатерлердің ықпалынан кешенді түрде қорғалу параметрлерімен сипатталады. Бұл орайда:

• объекті деп адамдардың қауіпсіздігін, материалдық және ақпараттық құндылықтарын, объектінің инфрақұрылымының тұтастығын (ғимарат, құрылыстар, жер учаскелері және т.б.) қамтамасыз етуге бағытталған территорияны жатқызады;

• техногенді және табиғи сипаттағы сыртқы факторлар деп объектіге сырттан әсер етуді, мысалы, аумаққа бөтен адамдардың, көліктердің заттардың рұқсатсыз енуі (енуге әрекет жасауы) немесе іштей, яғни, әртүрлі жүйелердің жұмысының бұзылуы (судың жылыстауы, газдың шығып кетуі, электр қуатының сөндірілуі және т.б.), объектіні пайдаланушылардың қолжеткізу құқықтарының бұзылуы, тағы да басқалары түсіндіріледі.

• объектілерге іштей әсер ететін әлеуметтік сипаттағы ішкі факторларға білім алушылардың тұлғалық және кәсіби даму жағдайларын нашарлатуға, ЖОО-ның ішінде қысым жағдайын күшейтіп, ұжымның әлеуметтік хал-ахуалын қиындатуға бағытталған әрекеттер жатады.

• объектілерге іштей әрекет етуші адами сипаттағы ішкі факторларға білім алушылар мен қызметкерлердің сұраныстарын елемеу, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды жақсарту, шығармашыл және достық сипаттағы хал-ахуалды орнату, әрқайсысына достық қатынас жасау бойынша жұмыстардың болмауы немесе жеткіліксіздігін айтуға болады.  

Форумның мақсаттары мен міндеттері:

- деструктивті әрекеттердің алдын алу аясында студенттер мен университет қызметкерлерінің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу;

- студент жастарды психологиялық қолдау және қолдау көрсетуде практикалық дағдыларды қалыптастыру. 

- деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ЖОО-ның әртүрлі қызметтері мен бөлімшелерінің жұмыс алгоритмін анықтау;

- деструктивті жағдай жағдайында психологиялық қолдау және психологиялық ауыртпалықты басу құралдарын меңгеру;

- студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша ЖОО-ның әртүрлі бөлімшелері мен психологиялық қызметтерге практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Іс-шара мемлекеттік және жергілікті атқарушы бейінді органдардың қатысуын, жастармен жұмысқа жауапты ЖОО мен колледждердің басшылары мен қызметкерлерінің, психологиялық қызмет қызметкерлерінің, әлеуметтік педагогтардың, академиялық топтардың эдвайзерлерінің кездесуін көздейді.

Форум жұмысының регламенті:

 

09.00–10.00

қатысушыларды тіркеу, кофе-брейк

10.00–13.00

пленарлық отырыс

13.00–14.00

түскі ас
14.00 - 17.00

модульдік сессиялар, мастер-кластар

Форум бағдарламасында келесі тақырыптар қарастырылады:

- Студенттік ортада деструктивті мінез-құлық мәселесіне заманауи тәсілдер;

- Жастардың әлеуметтік тәуекелдері мен стресстік жағдайларының рөлі;

-Интернет-ортада жастардың деструктивті қарым-қатынасының алдын алу.

Модуль 1. Деструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы сыртқы факторлар

Модуль 2. Деструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы ЖОО бөлімшелерінің міндеттері 

Модуль 3. Деструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы психологиялық қызметтің рөлі

Модульдер

Бағдарлама

Өткізу форматы: аралас – ZOOM платформасы арқылы офлайн/онлайн. Форумға және мастер-кластарға шақыру қатысуға өтінімде көрсетілген e-mail-ге жіберіледі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Жұмыстың әдістері/негізгі түрлері: дәрістер (презентациялар), топтық пікірталастар, ақпараттандыру, тренингтік жаттығулар, бейне/аудио материалдарды талдау.

Өткізу мерзімі: 2021 жылғы 07 желтоқсан, сағат 10.00-ден бастап 18:00-ге дейін.

Өтінім беру мерзімі: 2021 жылғы 4 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін.

Қатысу үшін өтінім қалдыру қажет:

- берілген QR-коды бойынша сайтқа өту; 

- сайттағы өтінімді толтыру; 

Форумға қатысу шарттары: қатысу тегін.

Форумды аяқтау нысаны: студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша практикалық ұсынымдарды жариялау.

Өтетін орны: «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, 050013, Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 126/1, «Д» ғимараты, 108 кабинет.

Ұйымдастырушылар: «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ Жастар саясаты департаменті, Әлеуметтік пәндер кафедрасы.  

Барлық сұрақтар бойынша:

Эл. пошта: qaupsizorta@aues.kz

Тел. нөмірлері: +7 777 847 2277;

+7 778 494 9542;

+7 701 349 4066