KAZENERGY қауымдастығы жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

KAZENERGY қауымдастығы жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

13.07.2021 Барлық жаңалықтар


KAZENERGY қауымдастығы жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

Жоғары оқу орындарында оқу үшін 2021-2022 оқу жылында грант алуға конкурстық іріктеу туралы хабарландыру (жер қойнауын пайдаланушылар есебінен, телефон 8 (7172) 794975, www.kazenergy.com )

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 15 шілдеден бастап жүзеге асырылады

Электрондық өтінімді grant.kazenergy.com сайтында жоғарыда көрсетілген мерзімде толтыру қажет.

Кандидаттардың құжаттарын қарау құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 25 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу шарттары:

1) Қазақстан Республикасының Азаматтығы

2) оқу орнына шартсыз қабылдау немесе оқыту (білім алушының қаржылық берешегі болмаған жағдайда)

3) үлгерімнің келесі көрсеткіштерге сәйкестігі:

- ҰБТ/КТ сертификаты 80 балл және одан жоғары;

- диплом бойынша кандидаттың оқу үлгерімінің орташа балы бакалавриаттың бірінші курсына түсетін адамдар үшін кемінде 4,0 (5,0-ден);

- Бакалавриаттың бірінші курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,0 (В) ;

- Бакалавриаттың екінші, үшінші курстарында оқуды аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,33 (В+) ;

- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық курстарында оқитын кандидаттар үшін GPA кемінде 3,33 (В+).

Қажетті құжаттар тізімі:

1)жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсете отырып, жеке куәліктің /туу туралы куәліктің/ төлқұжаттың көшірмесі;

2) алдыңғы білім алғанын растайтын құжаттың және үлгерім балының (ҰБТ/КТ сертификатының не дипломның) көшірмесі – бірінші курсқа түскендер үшін және білім алушылар үшін – алдыңғы оқу жылы үшін GPA көрсетілген транскрипт (білімді бағалаудың өзге жүйесі болған жағдайда, бакалавриаттың бірінші курсын аяқтағандар үшін кемінде 3,0 (В), бакалавриаттың 2 және 3 курстарын аяқтаған адамдар үшін кемінде 3.33 (B+), сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық курстарында оқитын адамдар үшін GPA  кемінде 3,33 (В+);

3)отбасы құрамы туралы анықтама (тек көп балалы отбасылар үшін);

4) көрсетілген санаттардың біреуіне немесе бірнешеуіне құжаттамалық растау болған жағдайда:табысы аз және (немесе) толық емес отбасы, жетім, мүгедек;

5) қол қойылған (оқу орнының ресми бланкісінде немесе мөрімен расталған) оқуға қабылдау туралы/ оқу туралы анықтама (Заңды тұлғалардың төлеу үшін 1-ші оқу жылындағы оқу құнын, оқу курсы мен нысанын, қаржылық берешегінің жоқтығын көрсете отырып).;

6)конкурстарға, олимпиадаларға және т. б. қатысу туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса);

7) эссе түріндегі, бірақ 500 сөзден аспайтын уәждемелік хат (тек «магистр» дәрежесін алу конкурсына қатысушылар үшін);

8) ұсынушы тұлғалар (оның ішінде ғылыми жетекші) тарапынан кандидат туралы пікірді білдіретін (тек «PhD докторы» дәрежесін алу конкурсына қатысушылар үшін) мемлекеттік/орыс/ағылшын тілдерінде (таңдауға) 2 дана ұсыным хаттар.