6D071700 – "Жылу энергетикасы" және 6D071900 – "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар" мамандықтары бойынша докторанттарды философия докторы (PhD) дәрежесімен құттықтаймыз!

6D071700   –

14.07.2021 Барлық жаңалықтар


 «Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ жанындағы Философия докторы (РhD), 8D071 Инженерия және инженерлік іс (Электр энергетикасы, Жылу энергетикасы) және 8D061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар)  бағыттары бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруге арналған диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес Ултуар Каирбулатовна Жалмагамбетованы; Газиза Сериковна Катранованы;  Максим Сергеевич  Коробковты;  Аяулым Конусбековна Яманбекованы 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша және Сандуғаш Құдайбергенқызы Оразалиеваны 6D071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтайды. «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 8 шілдедегі №563 бұйрығы.

Сіздерге зор денсаулық, шыдамдылық және жас ғалымға қажет шығармашылық табыс тілейміз! Сіздердің ғылыми зерттеулеріңіз қоғамға және біздің ұжымға үлкен пайда әкелсін!!!