АЭжБУ болашақ студенттеріне 1500 ноутбук сыйлайды

АЭжБУ болашақ студенттеріне 1500 ноутбук сыйлайды

22.07.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті болашақ студенттерге 1500 ноутбук сыйлайды.

Оларды ҰБТ-да жоғары балл жинаған талапкерлер алады.

Қазіргі әлемде барлығы дерлік цифрлық технологиялармен байланысты, пандемия уақыты әлемнің кез келген нүктесінен білім алу үшін лэптоптың болуы қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

Университет миссияларының бірі – студенттерді оқуға жеңілдіктер, түрлі стипендиялар және атаулы гранттар беру, жатақханаларда жеңілдікті орындар беру түрінде әлеуметтік қолдау болып табылады. 2020 жылдан бастап ҰБТ көрсеткіштері жақсы студенттерге соңғы үлгідегі процессоры бар ноутбуктер беру дәстүрі пайда болды, ол осы жылы да жалғасуда.

Болашақ АЭжБУ студенттері Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің біріне оқуға түсіп, жаңа жоғары өнімді оқу құралын алып, таңдаған мамандығының пәндерін оңай және қолжетімді меңгере алады. Ноутбуктерде Windows 10, сондай-ақ Office 2019 лицензиялық операциялық жүйесі бар, бұл студенттердің қашықтықтан білім алулары үшін сапалы жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ноутбукте оқытушылар мен студенттер арасында ыңғайлы байланыс орнатуға арналған кіріктірілген веб-камера, заманауи антивирус, үлкен жедел жад, саусақ ізін тану модулі, үздіксіз жұмыс істеуге арналған сенімді батарея, сонымен қатар оқу процесінде қажет болатын барлық бағдарламалар бар.

ЖОО университеттегі оқу сапасы үнемі жақсарып, жоғары стандарттар мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай болуы үшін барлығын жасайды. АЭжБУ шетелдік жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ Қазақстан мен әлемнің кәсіпорындарымен белсенді ынтымақтастық жасайды. Қазіргі уақытта университетте 80 оқу және ғылыми зертхана жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы АЭжБУ өзінің 45 жылдығына орай болашақ студенттерге соңғы үлгідегі процессоры бар 800 Lenovo ноутбуктерін сыйға тартқан болатын.