Грант конкурсы 2021.Өтініштің мәртебесін қалай біле аламыз?

Грант конкурсы 2021.Өтініштің мәртебесін қалай біле аламыз?

22.07.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысушылар!

App.testcenter.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізден (ҰБТ-ға тіркелген кездегі логин/құпиясөзді енгізу арқылы) грантқа қатысу өтінішіңіздің мәртебесін көре аласыздар.

Таңдалған жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының топтары (халықаралық сертификаттардың ескерілуі, квоталардың қарастырылуы, басым құқық иегері категориясының белгіленуі - бар болған жағдайда) сынды ақпаратты көруге болады.

Маңызды: өтініш берген күннен бастап мәртебеңіз 2-3 күн ішінде шығатын болады. Шықпаған жағдайда құжат қабылдайтын ЖОО ретінде таңдаған оқу орнына хабарласуыңызға болады.

testcenterkz материалдары бойынша  —  2021-шілде 22.