«Білім беру сапасы – мәдениеттердің жақындасуы»

«Білім беру сапасы – мәдениеттердің жақындасуы»


13.08.2021 Барлық жаңалықтар


ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы (Қазақстан, Алматы қ., МЖХО) 2021 жылдың 10-13 тамызы аралығында педагогтарға арналған «Білім беру сапасы – мәдениеттердің жақындасуы» Халықаралық жазғы мектебін өткізді. Мектептің қатысушылары Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессорлары, оқытушылары: профессор Алтынай Тулеуовна Мухамбедьярова, доценттер Сауле Хайрулловна Байдильдина және Алмажан Джусуповна  Утегилиева болды.

Жұмыс барысында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың түрлі зияткерлік, талдау және білім беру құрылымдарымен одан әрі халықаралық ынтымақтастығы үшін байланыстар орнатылды.

Мәдениеттердің жақындасуы өзара байытуды және дамуды ынталандырады, ал дамып келе жатқан мәдениеттер сапалық жағынан әртүрлі деңгейде жақындасуды жалғастырады және бұл қарқынды дамудың жаңа импульсі. Мектепті өткізудің негізгі мақсаты –  ғалымдармен әріптестікте педагогтардің құзыреттілігін дамыту және тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңын құру болып табылады.

Мектеп аясында қатысушы-педагогтар, ғалымдар арасында серіктестік бастамаларға мүмкіндік жасау үшін және ғылыми / педагогикалық тәжірибемен алмасу үшін онлайн негізделген дәрістер\семинарлар, тренингтер, воркшоптар\мастер-кластар өткізілді. Ғылыми негіздемені білім беру процесіне интеграциялау қатысушылар арасындағы диалогқа / серіктестікке, білім беру процесін байыту үшін практикалық дағдылар мен инновациялық тәсілдер құралдарын, әдістемелер алуға жәрдемдесетін болады.

Тәжірибе алмасу үшін тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңын / қоғамдастықты құру жоспарлануда.

Мектеп спикерлері – Инновациялық тәсілді идеялары мен білім беруді жетілдіру әдістері бар белгілі ғалымдар, педагогтар. Қатысушылар үшін іс-шара форматы – онлайн. Халықаралық Жазғы мектеп Орталық Азия, Ресей, Әзірбайжан елдерінің педагогтары үшін ұйымдастырылды. 

ENERGO UNIVERSITY