АБАЙ МҰХАМЕДИЯРҰЛЫ ДОСТИЯРОВТЫ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АБАЙ МҰХАМЕДИЯРҰЛЫ ДОСТИЯРОВТЫ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


01.08.2021 Барлық жаңалықтар


Абай Мұхамедиярулы Достияров – Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының және Ресей жаратылыстану академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, білім беру мен өндірісті ұйымдастырушы, Қазақстанда және шетелде танымал ғалым, өз еңбектерінде әртүрлі мақсаттағы газтурбиналық қондырғылар мен отынды жағатын құрылғыларда отынды микрофакельді жағу мәселесіне назар аударған.

Абай Мұхамедиярұлы Достияров 1951 жылы 21 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Демьяновка ауылында дүниеге келген. 1969 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Абай Мұхамедиярұлы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесіне (МЖТУ) оқуға түсті, бұл оқу орны зымыран жасау және ұшу аппараттары саласында Ресейдің танымал техникалық жоғары оқу орны болып табылады.

1975 жылы Н. Э.Бауман атындағы МЖТУ энергетикалық машина жасау факультетін бітіргеннен кейін ол Қазақстанға жаңадан ұйымдастырылған Алматы энергетикалық институтына (АЭИ – Қазіргі Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс Университеті) Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының ассистенті болып жіберілді.

2019 жылғы 2 желтоқсанда Ресей Жаратылыстану Академиясының Төралқасы Абай Мұхамедиярұлын өнертапқыштықтың дамуына қосқан үлесі үшін А.Нобель атындағы медальмен марапаттады.

Ресей жаратылыстану академиясы Президиумының шешімімен 2019 ж. А.М. Достияров «Білім және ғылымға еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағын алды. Сондай-ақ, 2019 жылы «Labore et Scientia - Трудом и Знанием» орденімен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы А.М. Достияровты еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға және мамандардың жаңа буынын даярлауға қосқан үлесі үшін А. Байтұрсыновтың Алтын медалімен марапаттады.

2020 жылы Абай Мұхамедиярұлына «Микрофакелді Отын жағу» ғылыми мектебінің негізін қалаушы құрметті атағы берілді.

2021 жылы Абай Мұхамедиярұлының жетекшілігімен докторанттар Г.С. Катранова мен А.К. Яманбекова өздерінің докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.

А.М. Достияров 220-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 12 оқу құралының авторы. 64 авторлық куәлігі мен патенті бар. Оның жетекшілігімен 7 ғылым кандидаты, 1 техника ғылымдарының докторы және 3 PhD докторы дайындалды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы сіздерге бақыт, зор денсаулық, сәттілік және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

Мақаланың  түпнұсқасы

ENERGO UNIVERSITY