Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 2021-2022 оқу жылын 2021 жылдың 13 қыркүйегінде бастайды

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 2021-2022 оқу жылын 2021 жылдың 13 қыркүйегінде бастайды

25.08.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті білім алушылар!

Коронавирустық инфекция бойынша шиеленіскен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, Алматы қаласының тұрғындары арасында "дельта" (Үнді штаммы) нұсқасының қарқынды таралуына және клиникалық симптомдары бар науқастардың 94%-ға дейін ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылының басталуын кейінге шегеру туралы хабарлады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларының барлық курстарының білім алушылары үшін 2021-2022 оқу жылы 2021 жылдың 13 қыркүйегінде басталады.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды емханаға тіркелген жеріне қарамастан таңдалған медициналық ұйымда, оның ішінде Бұқар Жырау бульвары,14 (Марков көшесінің қиылысы) мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласының "№ 7 Қалалық емханасында" өтуге болады. . Байланыс телефондары: 376-36-60, 376-32-68.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек (қалалық тіркеу қажет).

Қай емханаға тіркелгеніне қарамастан, өз туыстарыңызды вакцинациялауға әкеле аласыз.

Өкім