01.09.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылғы 1 қыркүйекте Алматы энергетика және байланыс университетінде профессорлық-оқытушылық құрам мен ЖОО әкімшілігінің қатысуымен Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына арналған жиналыс өтті.
АЭжБУ КеАҚ ректоры Сағынтаева Сәуле Саветовна құттықтау сөзімен кездесуді ашып, оқу жылының сәтті және табысты болуын тіледі.
АЭжБУ ұжымы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Жолдаудың толық мәтінін https://www.akorda.kz сайтынан оқи аласыздар.
Ректор С.С. Сағынтаева Мемлекет басшысының Жолдауындағы ЖОО үшін маңызды міндеттерді атап өтті.
Аталған міндеттердің бірі – 100 000 IT-маманды оқытып, даярлап шығару, АЭжБУ бұл жұмысты жүзеге асыруға қатысады.
Салаларды және бизнес процестерді, сондай-ақ мемлекетті цифрландыру бойынша университет бұрыннан бері табысты жұмыс атқарып келеді, әртүрлі ақпараттық жүйелер мен шешімдерді әзірлейді. Алайда, цифрландыру саласындағы қазақстандық өндіріс ауқымын кеңейту қажет.
Президенттің оқу бағдарламаларын қазіргі қалыптасқан жағдайға бейімдеу, үздіксіз оқыту мен біліктілікті арттыру туралы айтқан сөздері университет тарапынан жоғары бағаланды.
Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға қатысу АЭжБУ үшін қызықты және перспективті бағыт болмақ.
Алматыдағы электр станциялары мен кабельдік желілерді қайта құру жоспары, экологиялық таза қуат өндірушілеріне біртіндеп көшу мәселесі тікелей жұмысқа үндеу болып табылады.
Ұлттық экономикадағы декарбанизация мен экологияландыру АЭжБУ үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеудің маңызды векторы болып табылады.
Сөз соңында АЭжБУ ректоры Сағынтаева Сәуле Саветовна Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында цифрландыруды дамыту, экологияны жақсарту, қауіпсіз атом энергетикасын, инфокоммуникациялық технологияларды дамыту бойынша ауқымды тапсырмалар берілгенін атап өтті.