Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

06.09.2021 Барлық жаңалықтар


Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулы Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы.

Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:

Облыстардың, Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мынадай ұйымдардың/нысандардың:

-қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);

-халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;

-мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

-халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

-жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;

-білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

-санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

-қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;

барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);

-денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

-дәріхана ұйымдарының;

-тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);

-экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;

-демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

-байланыс және телекоммуникация объектілерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 5-тармағында белгіленген салалардағы қызметті жүзеге асыратын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар:

-профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;

COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектесін.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:

COVID-19-бен ауыратын пациенттерді диагностикалауға және медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын;

денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салуды;

медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі;

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі;

Толық мәтінді мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Қаулы 2021 жылы 6 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.

Tengrinews.kz материалдар бойынша // Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды //Автор: Tengrinews.kz -2021-6 қыркүйек.