Владислав Иосифович Денисенконы 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Владислав Иосифович  Денисенконы 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


08.09.2021 Барлық жаңалықтар


08 қыркүйекте Владислав Иосифович Денисенкоға 75 жыл толады. Владислав Иосифович Денисенко – техника ғылымдарының кандидаты, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Электр техникасы» кафедрасының профессоры.

Владислав Иосифович Денисенко 1946 жылы 08 қыркүйекте дүниеге келген. 1968 жылы Қазақ политехникалық институтының Энергетикалық факультетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша үздік бітірді.

Владислав Иосифович өзінің еңбек жолын 1968 жылы кафедраның ассистенті болып бастады, әрі қарай аға оқытушы болып жұмыс істеді. 1982 жылы Владислав Иосифович Денисенко кандидаттық диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 1986 жылы «Электр техникасының теориялық негіздері» мамандығы бойынша ЖАК доценті ғылыми атағын алды.

1997 жылдан бастап В.И. Денисенко АИЭС «Электр техникасының теориялық негіздері» кафедрасының меңгерушісі болды. 2001 жылы                           В.И. Денисенкоға АИЭС профессоры атағы берілді.

2006 жылдан 2016 жылдың тамыз айына дейін АЭжБУ Электр энергетикалық факультетінің деканы болды. Қазіргі уақытта Владислав Иосифович «Электр техникасы» кафедрасының профессоры болып табылады.

Владислав Иосифович Электр энергетикасы факультетінің студенттеріне «Электр техникасының теориялық негіздері және «Электр тізбектері мен электромагниттік өрісті талдау» курстары бойынша дәрістер оқиды, практикалық және зертханалық сабақтар өткізеді. Оның қатысуымен Электр энергетикасы саласындағы 2000-нан астам инженерлер мен бакалаврлар дайындалды және шығарылды.

В.И. Денисенко 90-нан астам ғылыми және әдістемелік еңбектер жариялады. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін Владислав Иосифович энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі болып табылады.

Владислав Иосифович Денисенко өзін педагогикалық, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметіне адал, сауатты, білікті маман ретінде көрсетті.

Владислав Иосифовичтің барлық еңбек жолы энергетика және байланыс саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің игі ісімен байланысты. Владислав Иосифович өзінің құзыреттілігі, өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және ерекше еңбекқорлығы үшін университет студенттері мен қызметкерлерінің лайықты құрметі мен махаббатына ие.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік және табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

 

ENERGO UNIVERSITY