«Жаңа дүние» қайырымдылық қоры өз бизнесін жүзеге асыру үшін грант алуға арналған конкурстың басталғаны туралы хабарлайды!

«Жаңа дүние»  қайырымдылық қоры өз бизнесін жүзеге асыру үшін грант алуға арналған конкурстың  басталғаны туралы хабарлайды!


20.09.2021 Барлық жаңалықтар


 

 

 

 

 

 

Құрметті студенттер! «Жаңа дүние»  қайырымдылық қоры өз бизнесін жүзеге асыру үшін грант алуға арналған конкурстың  басталғаны туралы хабарлайды! 

Сізді қандай сыйлықтар күтеді? 

1 орын – жетекші мамандардан тәлімгерлік бағдарлама, жобаны әлеуетті инвесторларға таныстыру және 500 000 теңге! 

2 орын – жетекші мамандардан тәлімгерлік бағдарлама және жобаны әлеуетті инвесторларға таныстыру 

3 орын – жобаны әлеуетті инвесторларға таныстыру 

Қандай жобалар қатыса алады? 

Экология және білім беру бағыттары бойынша әлеуметтік бизнес-жобалар 

Конкурс қалай өтеді? 

* 26 тамыздан 26 қыркүйекке дейін Jana Dunie конкурсқа өтінімдерді жинайды

* 26 қыркүйектен 1 қазанға дейін қатысушылар жобалық қызметі оқытуынан өтеді 

* 1 қазанда конкурсқа қатысушы бизнес-жоспар мен өз жобасының бюджеті үшін үлгі алады 

* 1 қазаннан 10 қазанға дейін қатысушылар b.akbiyeva@janadunie.kz поштасына бизнес-жоспар, бюджет және PDF форматындағы жобалар презентациясы бар толтырылған үлгілерді жіберулері тиіс 

* 20 қазанда конкурс нәтижесі жарияланады. 

* 21 қазаннан бастап жеңімпаздардың жобаларына тәлімгерлік қолдау басталады. 

Конкурсқа кім қатыса алады? 

* 2-4 адамнан тұратын топ 

• 18-30 жас аралығындағы адамдар 

* @janadunie_fond қорының жазылушылары  және @abagdat_loves 

Қатысуға қалай өтініш беруге болады? 

1. Келесі сілтеме бойынша өтіп, байланыс деректерін толтырыңыз 

2. Jana Dunie және @abagdat_loves Instagram парақшаларына  жазыңыз (Сіз онымен бүкіл конкурс бойы және одан кейін өзара әрекеттесетін боласыз) 

Өтінішті қабылдау мерзімі 

26 қыркүйек 23:59 Алматы уақыты бойынша 

Барлығына сәттілік! 

Бұл конкурс AKAS гольф-турниріне қатысушылардың арқасында мүмкін болды 

Jana Dunie қоры дегеніміз не? 

«Jana Dunie» қайырымдылық қоры — Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген белсенді және қамқор адамдардың бір үлкен отбасысы. Біз бірлесе отырып, қоғамымыздың саналығын дамытуға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жасаймыз. Jana Dunie әлі де жас қор, алайда осы қор арқылы көптеген қызықты жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, Алматы қаласының дәріханаларымен бірлесе отырып, біз "Асыл жан" мейірбикелік күтім үйі мен "Солнышко" балалар үйін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еттік. Алматы мен Нұр-Сұлтанның жанашыр тұрғындарының арқасында біз аз қамтылған отбасылар үшін көптеген сапалы киімдер мен ойыншықтар жинай алдық. Іле-Алатау ұлттық паркіндегі, Қарқаралы, Бурабайдағы жартастар тазартылды, содан кейін ҚР АҚДМ қолдауымен біздің бастамамызға республикамыздың барлық облыстары қосылды. Біз балаларға арналған түрлі сала мамандарымен (фотография, психология, білім, өнер) тегін тренингтер мен кездесулер ұйымдастырдық. Ауылдық жерлерде балалар мен жастардың әлеуетін арттыру шеңберінде біз AKAS қайырымдылық гольф-турниріне қатысушылардың қолдауымен "Оқылық" жобасын жүзеге асырдық. Біз Алматы және Жамбыл облыстарының ауылдарынан келген 1000 мектеп жасына дейінгі балаларға креативті, талдамалық және терең ойлауды дамыту құралдарын сыйға тарттық. Jana Dunie қорының құрылтайшылары мен командасы әр баланың сапалы білімге лайық екендігіне сенеді. Біздің жобаларымызбен толығырақ біздің janadunie.kz платформамызда  және біздің@janadunie_fond Instagram парақшамызда таныса аласыз. 

Тел. 87782750290 

Email b.akbiyeva@janadunie.kz 

 

ENERGO UNIVERSITY