22.09.2021 Барлық жаңалықтар
АЭжБУ атынан Пермь мемлекеттік университетінде орын алған атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.
Зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Бұл оқиға бізді қырағылыққа шақырады және мектептер мен колледждерде, ЖОО-да білім алушылардың қауіпсіздігін күшейтуді талап етеді.
АЭжБУ-нің барлық оқу корпустары мен жатақханаларында дабыл түймесі мен бейне бақылау жүйелері орнатылған, сондай-ақ, төтенше жағдай бойынша жаттығулар өткізу қарастырылуда. Сіздерді сақ болуға шақырамыз.
Туған-туыстарыңыз аман болсын.