13.10.2021 Барлық жаңалықтар
Пилоттық жобаны іске қосу және қолдау үшін мемлекеттік қызмет саласындағы инновациялық шешімдер конкурсы бойынша өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 05 қарашаға дейін ұзартылды
Әзірлеушілер мен стартап компаниялардан келіп түскен сұрауларға байланысты пилоттық жобаны іске қосу және қолдау үшін мемлекеттік қызмет саласындағы инновациялық шешімдер конкурсы бойынша өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 05 қарашаға дейін ұзартылатынын хабарлаймыз.
Бұл бастаманы "Зерде" холдингі " АҚ Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен және БҰҰДБ-мен бірлесіп, Мемлекеттік қызмет саласындағы инновацияларды акселерациялау зертханасын ашу шеңберінде іске асыруда.
Компанияның әзірлеушілері мен стартапшылары жетекші сарапшылардан тегін оқудан (жобаларды инкубациялау және акселерациялау) өтуге, жұмыс серпінін қолдау, жақсарту және қадағалау үшін жобалардың трекинг-кездесулерін өткізуге, сарапшылармен консультациялар өткізуге, іріктелген жобаларды мемлекеттік органдарда сынақтан өткізу және масштабтау мүмкіндігіне ие болады.
Конкурстың барлық шарттарымен сілтеме бойынша таныса аласыз: