Мимар Синан университеті профессорының АЭжБУ-дағы «Цифрлық технология және әлеуметтік ғылымдар» тақырыбындағы онлайн-дәрісі

Мимар Синан университеті профессорының АЭжБУ-дағы «Цифрлық технология және әлеуметтік ғылымдар» тақырыбындағы онлайн-дәрісі

15.10.2021 Барлық жаңалықтар


«ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР»

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да т.ғ.д., Мимар Синан университетінің профессоры (Түркия), ЕУРАСКА зерттеу орталығының директоры Әбдіуақап Қараның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Цифрлық технология және әлеуметтік ғылымдар» тақырыбындағы онлайн-кездесуі (дәріс) өтті.

Кездесуде шетелдік ғалымды не қызықтырады, ол әлеуметтік ғылымдардың болашақ дамуын қалай көреді, осы және басқа да тақырыптар қозғалды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихын зерттеу жөніндегі ғалымның зерттеу жұмысына қатысты көптеген сұрақтар қойылды.