АЭжБУ студенті Польшада өтетін әлем чемпионатына қатысады!

АЭжБУ студенті Польшада өтетін әлем чемпионатына қатысады!

15.10.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті өкілінің әсерлі жеңісімен Түркістанда жүз торкөзді дойбыдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенті Есбол Еренғайып бірден үш алтын медальға ие болып, Польша астанасы – Варшавада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды!

30 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Түркістан қаласында дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар (23 жас) және жасөспірімдер (20 жас) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Және үш рет (!) құрмет тұғырының жоғарғы сатысына Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Есбол Еренғайып көтерілді. Биыл Еренғайып АЭжБУ-ға оқуға түсіп, «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша АУк-21-7 тобында білім алуда.

Өз жасына қарамастан, Есбол Еренғайып әлдеқайда жасы үлкен, ерлер компаниясында ойнай алатынын тамаша дәлелдеді. Сонымен қатар, ол бірден үш жарыс бағдарламасында жеңіске жетті – «классика», рапид және блиц. Осылайша АЭжБУ студенті жүз торкөзді дойбы бойынша Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.

- Оқудың бірінші айында көп нәрсені айта алмайсың, бірақ Еренғайып оқып жатқан топпен болған кездесулер бойынша да мен оны тек жақсы жағынан сипаттай аламын,– дейді АУк-21-7 тобының эдвайзері, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының доценті, PhD докторы Шара Жолдасбекқызы Тойбаева. – Біз бәріміз – «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының студенттері де, оқытушылары да Еренғайыптың осындай керемет жетістігіне өте қуаныштымыз және әрине ,оған спортта да, оқуда да жаңа, үлкен жетістіктер тілейміз.

Ал жаңа, өте жауапты турнир – алыс емес. 26 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Польша астанасы – Варшавада дойбыдан кезекті әлем чемпионаты өтеді. Және АЭжБУ студенті Еренғайып Есбол Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде қарастырылады. Ол оған лайық!

«Автоматтандыру және басқар»  кафедрасы