«Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар конкурсына қатысуға асығыңыздар!

«Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар конкурсына қатысуға асығыңыздар!

15.10.2021 Барлық жаңалықтар


«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ Сіз басқарып отырған жоғары оқу орнының білім алушыларын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтетін IX «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық студент жастардың патриоттық форумы шеңберінде «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауына қатысуға шақырамыз.

Байқаудың мақсаты – студенттердің, жас кәсіпкерлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде қаланың, өңірлердің және елдің саяси, мәдени және экологиялық дамуына, өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған үздік әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларын қолдау болып табылады.

Байқауға бакалавриат бағдарламалары бойынша барлық курс студенттері қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін 2021 жылдың 30 қазанына дейін әрбір үміткер қосымшаға сәйкес кестені толтырып, өз жұмысын 1 минуттан 3 минутқа дейінгі көлемінде бейнежазба түрінде Ardak.Karagulanova@kaznu.kz және mjs.farabi@gmail.com электронды пошталарына жіберуі тиіс. Қабылданған жұмыстарды тәуелсіз қазылар алқасы саралайды. Байқау комиссиясы мүшелерінің жұмыстарды тыңдауы жеке кестеге сәйкес ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілетін болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылдың қараша айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «Мен жастарға сенемін!» Гала-форумында өтеді. Жеңімпаздар жүлделі орындар үшін дипломдармен және бағалы сыйлықтармен (бас жүлде, 1 орын – 1, 2 орын – 2, 3 орын – 3) марапатталады, сонымен бірге «әлеуметтік маңызы бар жоба», «өнімнің үздік прототипі» және «ерекше жоба» номинациялары бойынша атап өтіледі.

Бас жүлде –  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1 жыл тегін оқу гранты.