"Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ " КеАҚ "Жобалау қызметі I санат" лицензиясына ие болды!



18.10.2021 Барлық жаңалықтар


 «Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2021 жылғы 15 қазанда жобалау саласындағы ғылыми қызмет нәтижелері бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жобалау қызметі I санат» лицензиясын берді.

Лицензияланатын қызмет түрінің тармақтары:

- Өндірістік мақсаттағы объектілерді технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);

- Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);

- Ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлігін әзірлеу көлік құрылысы);

- Көлік, байланыс және коммуникация инфрақұрылымы объектілерін технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);

- Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;

- Қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, Тарихи құрылыс аудандарын қала құрылысын оңалту үшін жобалау құқығымен) және жоспарлау;

- Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектілерін салуды технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлігін әзірлеу) - құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу және (немесе) реконструкциялау, сондай-ақ төменде көрсетілген жұмыстардың әрқайсысы үшін конструкцияларды күшейту үшін жобалау құқығымен) және конструкциялау;

-Бірінші немесе екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттік жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулет-реставрациялау жұмыстары үшін жобалау құқығымен).

Лицензия

ENERGO UNIVERSITY