19.10.2021 Барлық жаңалықтар
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР!
19 ҚАЗАН 2021 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ АСА КӨРНЕКТІ АҒАРТУШЫ ПЕДАГОГЫ, ЖАЗУШЫ, ЭТНОГРАФ, ФОЛЬКЛОРШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЖАҚСЫ ҰСТАЗ БӘРІНЕН ДЕ ҚЫМБАТ, ОЛ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ.
Қосылу адресі:// Сілтеме
Идентификатор конференции: 216 347 3485 Код доступа: 1
14.00. Дөңгелек үстелдің ашылуы.
Өткізу орны: Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Регламент: Баяндама – 10 минутқа дейін.
Сөйлеу – 7-10 минут.
Модератор: Кабдушев Болат Жоламанұлы – әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ:
Темирбеков Нұрлыхан Мұқанұлы - Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты
Махмутов Серік Қапанұлы - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, т.ғ.к., доцент
БАЯНДАМАШЫЛАР
Бегалинова Калимаш Капсаматовна - философия ғылымдарыңың докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры. Баяндама тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің философиялық көзқарастары»
Әлім Жүзім Қартбайқызы - Ы. Алтынсаринның мемориалдық музейінің экскурсоводы. (Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайына онлайн тур жасалады). Баяндама тақырыбы: «Ыбырай мұрасы – ұлт құндылығы»
Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы - Қостанай облысы, Жангелді аудандық мұражайлар кешенінің директоры. Баяндама тақырыбы: «Ыбырай жаққан шамшырақ»
Әбдиева Ғазиза Ильясқызы - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы. Баяндама тақырыбы: «Ұлы Даланың дара ұстазы»
Ақылбекова Эльмира Ақылбекқызы - Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Педагогика және филология факультетінің аға оқытушысы магистр.
Баяндама тақырыбы: «Жаңалықтың жаршысы болған ұлы ұстаз»
Талқылау, қорытындылау.