29.10.2021 Барлық жаңалықтар
ҚР ҰҒА академигі, г-м.ғ.д., Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейдің редакциясымен жарық көрген «Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші салаларын декарбонизациялау» монографиясын авторлар ұжымы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Еуразиялық тау-кен ғылым академиясының, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институтының, «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің, АХҚО Жасыл қаржы орталығының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша дайындады.
Монографияда жаһандық энергетикалық көшу саласындағы халықаралық зерттеулерді қорыту және сыни ұғыну негізінде қазақстандық экономикалық ғылымда алғаш рет жаһандық энергетикалық көшудің тұжырымдамалық негіздері әзірленді, ұлттық экономиканың өндіруші салаларының декарбонизациясының жай-күйі мен негізгі индикаторлары талданды, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қолжеткізу тұрғысынан Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық және тау-кен металлургия кешендерінде төмен көміртекті технологияларды енгізу перспективалары негізделді.