АЭжБУ-да «Тәу етер қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл» музыкалық-поэтикалық фестивалі өтеді

АЭжБУ-да  «Тәу етер қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл» музыкалық-поэтикалық фестивалі өтеді

22.11.2021 Барлық жаңалықтар


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Тіл білімдері кафедрасы университеттік деңгейде онлайн режимде «Тәу етер қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл» музыкалық-поэтикалық фестивалін өткізеді.

Номинациялар:

- Күй

- Әртүрлі тілдер мен аспаптардағы әндер мен әуендер

- Тәуелсіздік туралы түрлі тілдердегі өлеңдер.

Фестивальға қатысу үшін студенттер ұзақтығы 3-5 минутқа созылатын өз өнерлерімен ролик түсіреді (өлең оқиды, ән айтады, домбыра, гитарада ойнайды және т.б.) және 2021 жылғы 29 қарашаға дейін u.daishkaliyeva@aues.kz , g.abdykadyrova@aues.kz , t.mukhtarov@aues.kz  электрондық мекенжайларына жібереді.

Конкурстың қазылар алқасы талантты студенттердің үздік өнерлерін таңдайды. Ең қызықты бейнероликтер 30 қараша күні сағат 16.00-де Zoom платформасында өтетін фестивальдің соңғы кезеңінде көрсетіледі. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.