Студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу және ЖОО-ның психологиялық қызметінің рөлі жөніндегі «Қауіпсіз орта» халықаралық форумы

Студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу және ЖОО-ның психологиялық қызметінің рөлі жөніндегі «Қауіпсіз орта» халықаралық форумы

26.11.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті әріптестер, Сіздерді 2021 жылғы 7 желтоқсанда «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ негізінде өтетін студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу және ЖОО-ның психологиялық қызметінің рөлі жөніндегі «Қауіпсіз орта» Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз.

Форумның мақсаттары мен міндеттері:

 

- деструктивті әрекеттердің алдын алу аясында студенттер мен университет қызметкерлерінің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу;

- студент жастарды психологиялық қолдау және қолдау көрсетуде практикалық дағдыларды қалыптастыру. 

- деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ЖОО-ның әртүрлі қызметтері мен бөлімшелерінің жұмыс алгоритмін анықтау;

- деструктивті жағдай жағдайында психологиялық қолдау және психологиялық ауыртпалықты басу құралдарын меңгеру;

- студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша ЖОО-ның әртүрлі бөлімшелері мен психологиялық қызметтерге практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Іс-шара мемлекеттік және жергілікті атқарушы бейінді органдардың қатысуын, жастармен жұмысқа жауапты ЖОО мен колледждердің басшылары мен қызметкерлерінің, психологиялық қызмет қызметкерлерінің, әлеуметтік педагогтардың, академиялық топтардың эдвайзерлерінің кездесуін көздейді.

Форум жұмысының регламенті:

 

09.00–10.00

қатысушыларды тіркеу, кофе-брейк

10.00–13.00

пленарлық отырыс

13.00–14.00

түскі ас
14.00 - 17.00

модульдік сессиялар, мастер-кластар

Форум бағдарламасында келесі тақырыптар қарастырылады:

- Студенттік ортада деструктивті мінез-құлық мәселесіне заманауи тәсілдер;

- Жастардың әлеуметтік тәуекелдері мен стресстік жағдайларының рөлі;

-Интернет-ортада жастардың деструктивті қарым-қатынасының алдын алу.

Өткізу форматы: аралас – ZOOM платформасы арқылы офлайн/онлайн. Форумға және мастер-кластарға шақыру қатысуға өтінімде көрсетілген e-mail-ге жіберіледі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Жұмыстың әдістері/негізгі түрлері: дәрістер (презентациялар), топтық пікірталастар, ақпараттандыру, тренингтік жаттығулар, бейне/аудио материалдарды талдау.

Өткізу мерзімі: 2021 жылғы 07 желтоқсан, сағат 10.00-ден бастап 18:00-ге дейін.

Өтінім беру мерзімі: 2021 жылғы 4 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін.

Қатысу үшін өтінім қалдыру қажет:

- берілген QR-коды бойынша сайтқа өту; 

- сайттағы өтінімді толтыру; 

Форумға қатысу шарттары: қатысу тегін.

Форумды аяқтау нысаны: студент жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша практикалық ұсынымдарды жариялау.

Өтетін орны: «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, 050013, Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 126/1, «Д» ғимараты, 108 кабинет.

Ұйымдастырушылар: «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ Жастар саясаты департаменті, Әлеуметтік пәндер кафедрасы.  

Барлық сұрақтар бойынша:

Эл. пошта: qaupsizorta@aues.kz

Тел. нөмірлері: +7 777 847 2277;

+7 778 494 9542;

+7 701 349 4066