Елбасы жолы АЭжБУ жастарын шабыттандырады

Елбасы жолы АЭжБУ жастарын шабыттандырады


30.11.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылғы 30 қарашада Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Алматы қаласы мәслихаты депутатының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараны Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серік Қапанұлы Махмутов «Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи феномені – ол ұлттың жасампаз әлеуетін шоғырландырып, қоғамды бүкіл әлемде «қазақстандық барыстың секірісі» деген бейнелі атқа ие болған болашаққа деген қуатты серпіліске жұмылдыра білуінде»-деп, алғы сөзімен ашты.

Одан әрі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ақбөпе Бақытжанқызы Абылкасимова Тұңғыш Президенттің «Мемлекеттіліктің жеті тірегі» қағидаттарының жинағынан студенттерге үзінді келтірді: «Ендеше табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Адал еңбек қана адамды мұратына жеткізеді. Осыны жастардың санасына сіңіру қажет».

Сонымен қатар Болат Жоламанұлы Қабдушев, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі дөңгелек үстелдің жас қатысушыларына Тұңғыш Президенттің жастық шағынан алынған мысалдар оны шабыттандыратынын айтты: «Ол жастар арасында көшбасшы болды. Мені әлі күнге дейін оның адамгершілігі таңқалдырады. Ол саясаткер болған кезде, қиын жылдары айналасындағы жігіттерге қолдау көрсетіп, көмектескен жас кезіндегі досын табуға тырысты».

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, саясаттану ғылымдарының докторы және Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Алтынай Тулеуовна Мухамбедьярова келесі маңызды сөздерді айтты: «Тұңғыш Президент тұлғасының бүкіл ауқымы мен тарихи маңызын біз әлі ұғына түсуіміз керек!».

Студент Дулат Абдукадарулы Дуйсенбек іс-шараны «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, оған деген халықтың сенімінің, еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында Қазақстан осындай үлкен жетістікке жетіп, әлемге танылып отыр. Біз  бұл күнді елдің тойы деп қабылдаймыз. Өйткені Қазақ Мемлекетінің дербес ел ретіндегі бірінші саяси қадамы осы күннен бастау алады. Сондықтан бұл күн азаттық алудың, аяқтан тұрудың символы тәрізді»-деп, өз сөзімен аяқтады.

ENERGO UNIVERSITY