Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел


13.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 7 желтоқсаны Жылу энергетика және басқару жүйелері  институтының №1 жатақханасында «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» және «Әлеуметтік пәндер» кафедраларының оқытушылары э.ғ.к., доцент  Е.М. Нурпейіc, аға оқытушылар Е.Е. Жарқынбаев, М.Е. Сатымованың  ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік таңына 30 жыл, Желтоқсан «намыс» оқиғасына 35 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Тәуелсіздік таңына 30 жыл, Желтоқсан «намыс» оқиғасына 35 жыл» тарихи-танымдық шарасының негізгі мақсаты – тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру, желтоқсан құрбандарының тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, жас ұрпақты өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  

Дөңгелек үстелде жатақхана студенттерімен ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне талдау жасалып,  Желтоқсан оқиғасы намыстан туындаған саяси жағдай екендігіне назар аударылды.

Тәуелсіздік, Желтоқсан, ел, жер, ұлт туралы тол­ғана айтылған ой-пікірлер, тәрбиелік мәні зор әңгімелер жас буынға ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз. 

ENERGO UNIVERSITY