Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!


16.12.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, қызметкерлер, әріптестер және достар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай! Біз өткенімізді, тарихымызды, ұрпақтар арасындағы ажырағысыз көпғасырлық байланысты, үздік дәстүрлер мен мәдениетіміздің бай мұрасын бағалаймыз. Бүгінде Қазақстан бүкіл халықаралық қоғамдастық мойындаған мемлекет болып табылады. Біздің этносаралық және дінаралық келісім үлгісі – көптеген елдер үшін эталон. Біздің еліміз билік тармақтары нақты бөлінген құқықтық мемлекет болып табылады, мұның өзі бүкіл демократиялық жүйеміздің кемелдігі мен дамығандығын дәлелдейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқалыпты реформаларды кезең-кезеңімен іске қосты, соның арқасында қазіргі заманның соңғы сын-тегеуріндері сәтті еңсерілді. Айта кету керек, Президент өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында сапалы білімге назар аударды: «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы керек. Біз «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз… Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз».

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің көшбасшыларының бірі. Біздің университет өскелең ұрпаққа болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу үшін «Атамекен» Ұлттық палатасымен тығыз қарым-қатынас жасайды. АЭжБУ ғылым мен білімді заманауи экономикаға интеграциялау процесінде алдыңғы қатарда деп атауға болады.

Құрметті достар! Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз. Сіздер тек студенттік және университеттік рухтың ғана емес, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның бейнесісіздер. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Құрметпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы,

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры

профессор Сауле Сагинтаева

 

ENERGO UNIVERSITY