АЭжБУ-да оқытушылар мен қызметкерлерді кәсіби мерекелері — Энергетик күнімен құттықтады

АЭжБУ-да оқытушылар мен қызметкерлерді кәсіби мерекелері — Энергетик күнімен құттықтады

20.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың желтоқсанында ҚР Энергетика министрлігі мен Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің проректорларын, директорларын, профессорлары мен оқытушыларын саладағы үздік жетістіктері, сондай-ақ ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен, төсбелгілерімен және түрлі атақтарымен марапаттады.


"Құрметті энергетик" төсбелгісінің иегері Электрмен жабдықтау және  энергияның жаңартылатын көздері кафедрасының доценті М.Башкиров болды. Сондай-ақ, "Еңбек сіңірген энергетик" белгісін Электр энергетика  және электр техника институтының директоры, Электр энергетикалық жүйелер кафедрасының доценті Ж.Абдимуратов және кафедра меңгерушісі, Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының профессоры А. Кибарин иеленді.


Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы Электр энергетика  және электр техника институты директорының орынбасары, Электрмен жабдықтау және  энергияның жаңартылатын көздері кафедрасының доценті С.Мананбаеваны, Электрмен жабдықтау және  энергияның жаңартылатын көздері кафедрасының доценті В. Дмитриченконы, Электр техникасы кафедрасының меңгерушісі, IT-инжиниринг кафедрасының доценті Г. Мусапированы, Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі кафедрасының доценті Т. Санатованы, Математика және математикалық үлгілеу кафедрасының меңгерушісі, профессоры М. Байсалованы Құрмет грамоталарымен марапаттады. "Құрметті энергетик" атағын кафедра меңгерушісі, Автоматтандыру және басқару кафедрасының доценті И.Федоренко алды.
Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор, Электр энергетикалық жүйелер кафедрасының доценті А.Саухимов және Автоматтандыру және басқару кафедрасының профессоры С. Жусупбеков "Еңбегі сіңірген энергетигі" атағының иегері атанды.


Марапатталғандарды шын жүректен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс тілейміз.