31.12.2021 Барлық жаңалықтар
31 желтоқсанда техника ғылымдарының докторы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Электр машиналары және электр жетегі кафедрасының профессоры Марат Асқарұлы Мұстафинге 70 жыл толады.
Марат Асқарұлы 1951 жылы 31 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Алматы энергетикалық институтын (АЭИ) «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша бітірген. Негізгі біліктілігі – инженер-электрик.
Марат Асқарұлы 1975 жылдан бастап Алматы энергетика институтында (қазіргі Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) жұмыс істеді. Еңбек жолын тағылымгер-зерттеуші болып бастап, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Марат Асқарұлы оқытушылық қызметін ассистенттен бастап, кейіннен аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеп, кафедра профессоры лауазымына дейін өсті. Электр энергетикасы факультеті деканының орынбасары, сондай-ақ Электр жетегі және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2016 жылға дейін ректорат мүшесі – АЭжБУ оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы болды.
Марат Асқарұлы «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның алғашқы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеушілердің бірі, бірқатар оқу-әдістемелік құралдар мен әзірлемелердің авторы болып табылады. Оның қатысуымен және оның басшылығымен жүздеген электр энергетиктері дайындалды. М.А. Мұстафиннің ғылыми қызығушылығы өнеркәсіпте автоматтандырылған электр жетегі құралдарымен энергия үнемдеу болып табылады.
Марат Асқарұлы 1987 жылы Горький политехникалық институтында АЭИ аспирантурасын бітірді, содан кейін «Қос қоректендіру машинасымен айналмалы күйдіру пештерінің электр жетегі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2003 жылы М.А. Мұстафинге «Электр техникасы» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2007 жылы Марат Асқарұлы Электр техникалық жүйелер және кешендер мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Оның жетекшілігімен 2 техника ғылымдарының кандидаты және 9 ғылым магистрі дайындалды, бакалаврлар ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарының лауреаттары атанды (2018, 2020 жылдар).
М.А. Мұстафин ХАА академигі (2020 ж.), АЭжБУ Электр энергетикасы жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады.
Электр техникалық және энергетикалық кешендердің автоматтандырылған электр жетегінің заманауи жүйелері және энергия үнемдеу режимдері саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері ғылыми монографияларда, мақалаларда, оқу-әдістемелік еңбектерде баяндалған және Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік объектілерінде табысты енгізілген.
Марат Асқарұлы бірқатар Құрмет грамоталарымен, «Құрметті энергетик» (2011 ж.) және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2011 ж.) төс белгілерімен, «ГОЭЛРО-ға 100 жыл» мерейтойлық медалімен (2020 ж.) марапатталды.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді!
Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!