«Huawei ICT Kazakhstan 2021-2022» конкурсындағы АЭжБУ жеңісі

«Huawei ICT Kazakhstan 2021-2022» конкурсындағы АЭжБУ жеңісі


27.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 24 желтоқсанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері «Huawei ICT Kazakhstan 2021-2022» конкурсында жеңіске жетті. «Бүгін біз Huawei-дің бір бөлігі болу үшін алғашқы қадам жасаған осы жастарды марапаттау құрметіне ие болдық. Ең бастысы – үлкен жетістікке жету үшін кішкентайдан бастау. Сол қадамдарды Huawei-мен бірге жасағандарыңыз үшін рақмет. Ертең сіздер Қазақстанның IT-элитасына кіресіздер деп үміттенеміз», - деді Huawei Technologies Kazakhstan Қаржы секторымен жұмыс департаментінің директоры Владислав Вайцман конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің ашылу салтанатында.

Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ICT/АКТ) саласындағы АКТ инфрақұрылымы мен зияткерлік құрылғыларының әлемдік жетекші жеткізушісі болып табылады. Huawei сертификаттау жүйесі бүкіл әлемге танымал және АКТ таланттарын жетілдірудің стандартына айналуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы таланттарды және күшті экожүйені дамыта отырып, АКТ технологиясын сертификаттауды ілгерілету үшін Huawei жыл сайын Қазақстанның колледждері мен университеттерін конкурсқа қатысуға шақырады.

Компанияның болжамы бойынша, алдағы 10 жылда бүкіл әлемде АКТ саласындағы 7 миллион маманның тығыз жетіспеушілігі сезілетін болады. Сондықтан «АЭжБУ» негізінде Huawei АКТ академиясын ашу дұрыс шешім болып табылады. Мұнда студенттер Big Data, Cloud Computing + Cloud Service, Data com және IT Infrastructure-де бірегей білім мен дағдыларды алады. Бірақ Huawei-ден қымбат сертификатты алу үшін өте жақсы тырысу керек. «Мен барлық бағыттар бойынша мұқият дайындалдым. «АЭжБУ-дың» арқасында сертификаттау емтихандарын тапсыру кезінде маған көмектескен көптеген пәндерді оқыдым. Бұл жерде тұру үлкен мәртебе. Университетке және біздің тамаша жаттықтырушы-тәлімгерлерге алғыс айтамын», – деді марапаттау кезінде Network Track бағыты бойынша бірінші орын алған студент Исламбек Баратжанов. Үшінші орынды Руслан Мұхамедов иеленді. Үздік ондыққа Илья Савенков, Ксения Накрайникова және Михаил Кузнецов кірді.

«Huawei ICT Kazakhstan 2021-2022» конкурсының жүлдегерлері

ТАӘ

Тобы

Баратжанов Исламбек Сабитжанович        

ИС(СМВР)-19-5

Мухамедов Руслан Синильевич

ПС-19-4

Накрайникова Ксения Андреевна

СИБ-19-5

 

Кузнецов Михаил Сергеевич

ИС(СМВР)-19-5

Савенков Илья Романович

ВТ(КИ)-19-3

 

Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы «АэжБУ» жаттықтырушы-тәлімгерлерін, атап айтқанда, IT-инжиниринг кафедрасының аға оқытушысы Виктор Александрович Тайлаков пен IT-инжиниринг кафедрасының доценті Татьяна Викторовна Голубеваны марапаттады. Олар «Huawei ICT Kazakhstan 2021-2022» конкурсында үздік жаттықтырушылар атанды. Компания өкілдері айтқандай, олар университет негізіндегі Huawei академиясы Huawei Technologies Ғаламдық таланттар экожүйесінің бір бөлігіне айналуы үшін өте маңызды жұмыс жасады.

IT-инжиниринг кафедрасының аға оқытушысы Виктор Александрович Тайлаков пен IT-инжиниринг кафедрасының доценті Татьяна Викторовна Голубева Huawei командасына Академияның дамуы үшін қосқан теңдессіз үлестері үшін алғыс білдіріп, Алғыс хаттар марапаттады.

Сонымен қатар, Huawei академиясы «АЭжБУ» негізінде өнеркәсіппен байланысуға және соңғы әлемдік технологиялық үрдістер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Студенттер салалық стандартты оқытудан өтеді, бұл оларға мамандық бойынша көмектеседі. «АЭжБУ» мен Huawei Technologies Kazakhstan арасындағы бұл ынтымақтастық АКТ саласындағы білім беру, ғылыми және қолданбалы қызметті ынталандырады, сондай-ақ осы саладағы озық тәжірибені танымал етеді.

Іс-шара соңында «АЭжБУ» түлегі және Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының Маркетинг жөніндегі менеджері Альбина Смагулова студенттерге Жаңа білім алуға жалқау болмауға, кез келген жұмысқа кірісіп, тәжірибе жинақтауға кеңес берді.

«Huawei ICT Kazakhstan 2021-2022»  конкурсы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтті. Студенттер Network Track және Cloud Track пәндері бойынша жарысты. Конкурсқа қатысуға 1600-ден астам студент қызығушылық танытты, 58 адам «Конкурстың ұлттық финалына» өтті, Network Track бойынша 10 Үздік студент және Huawei компаниясы марапаттайтын Cloud Track бойынша 3 Үздік студент анықталды. Үш команда конкурстың өңірлік турына қатысуға және әрі қарай Қытайдың Шэньчжень қаласында «Халықаралық финалға» баруға мүмкіндік алады.

ENERGO UNIVERSITY