Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Energo CUP V» республикалық дебат турнирі өтті

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Energo CUP V» республикалық дебат турнирі өтті


28.12.2021 Барлық жаңалықтар


Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Energo DC» дебат ұйымы «Energo CUP V» республикалық дебат турнирін өткізді. Дебат қазіргі таңда жастар арасында кең таралуда және оған деген қызығушылық артуда. Біздің дебат ұйымымыз 10 жылдан аса уақыт бұрын құрылды. Әр жыл аралығында буындар алмасуына байланысты, біздің ішкі және сыртқы турнирлер шынығып жоғары дәрежеде өтуде. Оған жыл сайынғы қатысушы фракциялар санының артуы дәлел. Биыл біздің турнирге 41 фракция қатыстып, Алматы облысы, Шымкент, Астана, Тараз қалаларының жоғары оқу орындарының студенттері бақтарын сынады. Басқа турнирлерге қарағанда турнир өзгешеліктерге толы болды. Турнир бастамасы салауатты өмір салтын сақтану мақсатында фракциялар арасындағы достық футбол турнирінен басталып, АПФ және ПДФ форматтарында өтіп қорытында шара ретінде Debate show – үздік спикерлер алаңымен тамамдалды. 

Турнир қорытындысы бойынша:

Бірінші орын иегерлері С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фракциясы "Көкжал" – Сандыбек Әлібек және Бердіхан Мұқасан;

Екінші орын "Papaoutai" фракциясы - Тілеубай Нұрболат (ҚБТУ) және Әмре Жандос (UIB);

Үшінші орын Нархоз университетінің фракциясы "Дулатов" (ТЭО) – Алишбаев Мұхаммедәлі және Абдукаримова Арайлым;

Төртінші орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің фракциясы "Алтын орда" (Алтын сапа) – Искиндирова Қырмызы және Нұрахман Элиза.

Ең үздік спикер атағын Нархоз университетінің студенті Абдукаримова Арайлым және UIB университетінің студенті  Еркінбек Ерқанат.

Барлық жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта биік белестерді бағындыруды тілейміз! 

ENERGO UNIVERSITY