АЭжБУ «Болашақ» стипендиясының иегерлерін құттықтайды!

АЭжБУ «Болашақ» стипендиясының иегерлерін құттықтайды!


29.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 28 желтоқсанында «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Үшінші іріктеу легінің қорытындысы бойынша стипендия тағы 569 қазақстандыққа, оның ішінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті оқытушылары мен әкімшілігінің қызметкерлеріне берілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері академиялық оқудан және әлемнің 27 елінің жетекші университеттері мен ғылыми және салалалық орталықтарында тағылымдамадан өтеді. 220 адам АҚШ, 136 – Ұлыбритания, 57 – Ресей Федерациясы 13 – Австралия, 14 – Германия, 3 – Жапония т. б. мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Болашақ» стипендиясының иегерлерін құттықтайды!

Аты-жөні

Ел

Бағдарлама

Өтініш бойынша мамандық

ЖОО

А.Ж. Амренова

АҚШ

Тағылымдама

Leadership in Higher Education Management

University of George Washington

А.С. Бегимбетова

 

АҚШ

Тағылымдама

Management in Education and Science (Strategic management and leadership in higher education. University management)

University of Minnesota

А.Д. Бердимурат

АҚШ

Тағылымдама

Pedagogical Innovations

Michigan State University

М.Н. Темирбекова

Ұлыбритания

Тағылымдама

Education Management

University of Lincoln

Е.К. Толенбеков

 

АҚШ

Тағылымдама

Pedagogical Innovations for University Instructors

Michigan State University

 

 «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын жеңіп алу – бәріміз үшін үлкен жеңіс!»,-деді Жылу энергетика және басқару жүйелері институтының директоры, PhD докторы Айнұр Бегімбетова. - Біз әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтеміз, инновациялық ғылыми орталықтарда жұмыс істейміз және белгілі шетелдік ғалымдардан тәжірибе аламыз. Бұл мен үшін ғана емес, туған Алма-матеріміз үшін де жарқын келешекке бастау! Бұл сонымен қатар ағылшын тілінің деңгейін арттырудың тамаша мүмкіндігі. Мен барлық жеңімпаздарды құттықтаймын және барлығына өздеріне, өз күштеріне сенулерін және әрқашан позитивті ойлауларын тілеймін!».

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY