ЖЭБЖИ қорытындылары

ЖЭБЖИ қорытындылары


31.12.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті университет оқытушылары мен қызметкерлері!

Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының басшылығы сіздерді Жаңа 2022 жылмен құттықтайды және біздің институт пен жалпы университетті дамыту үшін жасаған бірлескен жемісті жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіреді! 2021 жылы Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институты жақсы нәтижелер көрсетті және біз мақтан тұтатын нәрсе көп.

    Қазақстанның төмен көміртекті дамуы және ұлттық экономиканы декарбонизациялау тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Жылу энергетикалық қондырғылар» және «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедраларында «ДЕКАРБОНИЗАЦИЯ: ШЕШІМНІҢ НАҚТЫ ҚАДАМДАРЫ» тақырыбында вебинар өткізілді. Біздің оқытушылар БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 26-конференциясында ұсынылған «Қазақстанның өндіруші салаларын декарбонизациялау» монографиясын дайындауға қатысты.

Біз үшін «Трансформаторларды есептеу және дайындаудың клиентке бағдарланған кешенді автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу» тақырыбына өнімді инновациялық даму қорының грантын алу үлкен жеңіс болып табылады; жобаны «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының профессоры, т.ғ. д. Ирбулат Туремуратович Утепбергенов әзірледі.

Жоғары кәсібилігі, адал еңбегі, біліктілігі үшін біздің оқытушылар жоғары наградалармен марапатталды.

Құрметті атақ иеленгендер:

- «Еңбек сіңірген энергетик» кафедрасының профессоры С.С. Жусупбеков; 

- «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» кафедрасының меңгерушісі, доцент И.А. Федоренко;

- «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» АУ кафедрасының профессоры А.А. Копесбаева;

Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:

- «Білім және ғылым министрінің Алғысы» кафедра меңгерушісі, доцент И.А.Федоренко;

- «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының құрмет грамотасы» ЭЖБЖ кафедрасының доценті т. ғ. к. Т.С. Санатова.

Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен кәсібилігі үшін алғыс хаттармен марапатталды:

- т.ғ.к., ТЭУ кафедрасының профессоры Р.А. Мусабеков;

- ЖЭҚ кафедрасының аға оқытушысы Г.Ә. Әкімбек;

- - б.ғ.к., ИБМТ кафедрасының доценті Ж.К. Мусаева; 

- - т.ғ.д., доцент Ш.Ш. Бекбасаров; 

- ППИ кафедрасының доценті Л.Р. Джунусова; 

- э.ғ.к., доцент Е.М. Нұрпейіс,

- ТЭУ кафедрасының аға оқытушысы А.С. Касимов.

Сіздердің еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыздың және шыдамдылықтарыңыздың арқасында біздің студенттер жеңімпаз болып табылады:

- «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, 

- «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсы, 

- Қазақстан стандарттау және метрология институты ұйымдастырған Республикалық байқау, 

- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы,

- «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы.

Біздің ортақ күш-жігерімізбен өтіп бара жатқан жыл жарқын, жемісті болды және біз сіздерге шын жүректен зор денсаулық, қаржылық тұрақтылық, кәсіби өсу және батыл еңбек жетістіктеріне сәттілік тілейміз!

Шаңырағыңда оңтайлы жылу деңгейі, сенімді автоматика және сыртта таза қолайлы орта болсын!

 

Сіздің ЖЭБЖИ

 

ENERGO UNIVERSITY