АЭжБУ студенттеріне ректордың шұғыл хабары!

АЭжБУ студенттеріне ректордың шұғыл хабары!

09.01.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті студенттер! 

Еліміз террористтер мен қарақшылар тобының шабуылына ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған шұғыл хабарларында террористтер мен қарақшылар тобы әкімшіліктер, әуежайлар мен басқа да стратегиялық объектілерді жаулап алып жатқанын, сонымен қатар бейбіт адамдар, билік өкілдері, полиция мен әскерлерге жаппай шабуыл жасап, өлтіріп жатқанын айтты. Мұндай оқиғалар террористтік топтардың Қазақстанға деген жоспарлы және ұйымдастырылған шабуылы екенін айтады. 

Құрметті студенттер! Сіздер қоғамдық тәртіпті сақтап, сол арқылы мемлекетімізге көмек қолын созып жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер нағыз ұлтжансыздар. Мен сіздердің әрбіреулеріңізді мақтан тұтамын.Мен сіздерді арандатушылыққа бой бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын. Өздеріңізді, туыстарыңыз бен жақындарыңызды қорғаңыздар. Үйлеріңізде және жатақханаларыңызда болыңыздар. Тек осылай ғана біз ұлы мемлекетіміздің қиын күндерді бастан өткеруіне көмектесе аламыз. 

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті террористтер мен қарақшылар тобының қолынан қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтады. 

Құрметпен, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры С.С. Сагинтаева.