АЭжБУ ректоры С.С. Сагинтаеваның мемлекеттік грант иегерлеріне үндеуі

АЭжБУ ректоры С.С. Сагинтаеваның мемлекеттік грант иегерлеріне үндеуі


02.08.2019 Барлық жаңалықтар


Құрметті мемлекеттік грант иегерлері!

Сіздерді Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде оқу үшін мемлекеттік грантты жеңіп алуларыңызбен құттықтаймыз.

Сіз Қазақстандағы  және Орталық Азиядағы техникалық бейінді жетекші жоғары оқу орнына түстіңіз. Біз Сізге сапалы және озық білім беруге, өзекті ғылыми зерттеулер және нақты студенттік жобалар жүргізуге, қызық та қимас студенттік өмір сыйлауға кепілдік береміз!

АЭжБУ дипломы – бұл сапа мен табысты жұмысқа орналасу кепілі!

АЭжБУ-дың үлкен және тату-тәтті отбасына қош келдіңіз!

Сауле Сагинтаева,

«АЭжБУ» КеАҚ ректоры, математика профессоры,

физика-математика ғылымдарының кандидаты,

экономика ғылымдарының докторы,

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі

ENERGO UNIVERSITY