Киберспорт бойынша Қазақстан Республикасының ЖОО арасындағы турнирде біздің студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Киберспорт бойынша Қазақстан Республикасының ЖОО арасындағы турнирде біздің студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!

14.01.2022 Барлық жаңалықтар


13 қаңтар күні pinger.kz ресми сайтына FIFA 22 бойынша Киберспорттық Студенттік лигасының 4 маусымының көптен күткен нәтижелері жарияланды. Бұл пән бойынша еліміздің 15 жоғары оқу орнының студенттері қатысты, оның ішінде Киберспорт бойынша АЭжБУ командасының мүшесі ретінде «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының  студенті Сұлтанбек Арманұлы Рахымжанов бар.

Сұлтанбек Рахымжанов турнирде университетімізді лайықты көрсете білді, ол үздік үштікке еніп, жүлделі 2 орынды иеленді. 

Сұлтанбек Арманұлы Рахымжановты біздің студенттеріміздің лайықты жеңістер қоржынына қосқан үлесі үшін құттықтаймыз!

Естеріңізге сала кетейік, ректор Сәуле Саветқызы Сағынтаеваның киберспорт бойынша АЭжБУ құрамасының өкілдерімен кездесулерінің бірінде 11 аса қуатты ойын компьютерлерін сатып алуға және ішкі жарыстар өткізу үшін жеке аудитория ашуға және студенттерді сыртқы жарыстарға қатысуға дайындауға қаражат бөлінгені туралы хабарлаған болатын.

Студенттерге студенттердің кәсіподақ комитетімен бірлесіп, киберспорт әуесқойларын дұрыс бағытқа бағыттайтын ақпараттық технологиялар институтының кураторлары Дастан Қамбаров және Ұлан Садық бекітілген. 

Университет киберспорт тақырыбына қызығушылық танытқандардың саны өсіп келе жатқанына өте қуанышты және жаңа қатысушыларға барынша қолдау көрсетуге дайын!