КӘКІМЖАН ОРАЛҰЛЫ ҒАЛИДЫ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

КӘКІМЖАН ОРАЛҰЛЫ ҒАЛИДЫ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

15.01.2022 Барлық жаңалықтар


15 қаңтар күні Электр машиналары және электр жетегі кафедрасының доценті Кәкімжан Оралұлы Ғали өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. 

1982 жылы К.О. Ғали Алматы энергетикалық институтын "Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау"мамандығы бойынша бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы "МұнайөнімМемком" басқармасында БӨАжА инженері, кейін бас энергетик болып жұмыс істеді.

1985 жылы Алматы энергетика институтының аспирантурасына түседі. 1988 жылдан 1991 жылға дейін ҰИЖ-де АЭИ-да ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1991 жылдан 1995 жылға дейін бірінші санатты инженер болып жұмыс істеді.

1995 жылдан 2001 жылға дейін ҚазККА-да аға оқытушы, ал 2001 жылдан 2012 жылға дейін ҚазҰТУ-да аға оқытушы, содан кейін доцент болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "АЭжБУ" КеАҚ Электр машиналары және электр жетегі кафедрасының доценті болып жұмыс істейді.

Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Теориялық білім мен практикалық дайындықтың жоғары деңгейіне ие. Үнемі оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін арттырумен айналысады. Ұжымда құрмет пен сенімге ие.​

Жұмыс барысында ол өзін білікті, атқарушы, адал қызметкер ретінде көрсетті, өзінің біліктілігін арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істейді. К.О. Ғали дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтарды жақсы ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді!

Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!