Энергетика саласындағы стартаптарға арналған Start Up EnergyTransition Award (SET Award) халықаралық конкурсына қатысуға шақырамыз

Энергетика саласындағы стартаптарға арналған Start Up EnergyTransition Award (SET Award) халықаралық конкурсына қатысуға шақырамыз


20.01.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 31 қаңтарға дейін энергетика саласындағы стартаптарға арналған Start Up Energy Transition Award (SET Award) халықаралық конкурсына қатысуға өтінім беріп үлгеріңіз.
Конкурс келесі санаттар бойынша өткізіледі:

Clean Energy Generation, Demand-side Innovation, Energy Distribution & Storage, Smart Mobility & Transportation, Quality Energy Access & SDG-7

Конкурсқа қатысу үшін жалпы талаптар:
-Үміткерлер тек бір санатқа өтініш бере алады;
-Стартапты ұсынатын компания 2011 жылдан ерте құрылмауы керек;
-Барлық қоса берілген құжаттарды қоса алғанда, өтінім ағылшын тілінде болуы тиіс;

-Стартап-компания жұмыс істеп тұрған өнімді ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, компания тіркелген  немесе тіркеу процесінде болуы керек, немесе, мысалы, кез келген серіктеспен бірлескен ынтымақтастық туралы тиісті құжаттарды ұсынумүмкіндігі болуы керек (мемлекеттік ұйым, жеке компания және т. б.);
-Өтініш беруші тіркеу формасын толығымен толтыруы керек. Ішінара толтырылған өтінімдер қабылданбайды.

SET Award конкурсына қатысудың жүлделері мен басқа да артықшылықтары:
Жеңімпаздар үшін:
-әр санаттағы жеңімпаздар 10.000 еуроға дейін ала алады;
-World Energy Council 99 елдегі өзінің ғаламдық желісінің ішінде стартап профилін ұсынады.

15 финалист үшін:
-Set Award сыйлығының финалистеріне SET Tech Festival-ға фестиваліне қатысу мақсатында Берлинге ұшып келу мүмкіндігі беріледі (ұйымдастырушылар стартаптың 2 қатысушысы үшін ұшу және тұру шығындарын қабылдайды);
-SET Tech Festival аясында финалистерді питч-коучингтер, байқаудың қазылар алқасымен кездесу, жеке репрезантациялық стенд, түрлі тақырыптық баяндамалар, инвесторлармен танысу, жеке коммуникациялық контент құруға көмек (сұхбат, брендтеу және т.б.), бүкіл әлем бойынша эксклюзивті серіктестік іс-шараларға қол жеткізу, сондай-ақ Berlin Energy Transition Dialogue халықаралық форумына билет алу мүмкіндігі күтеді.

 # SET100 - 2022-ге түскен қатысушылар үшін:
-премияға  қатысатын 100 үздік стартап (#SET100) бүкіл әлем бойынша инвесторлар, танымал корпорациялар және мүдделі саяси стейкхолдерлер арасында таратылатын біздің жыл сайынғы жарияланымымызда ұсынылады;
-100 үздік үміткер SET Tech Festival 2022 фестиваліне қатысу үшін тегін билет ала алады және Санкт-Петербургтегі 25-ші Дүниежүзілік энергетикалық конгреске қатыса алады.


Барлық қатысушылар үшін мүмкіндік:
-энергетикалық сектордағы инновациялық көшбасшылардың жаһандық платформасына қосылу;
-world Energy Issues Monitor жыл сайынғы есебінде ұсынылған қызықтыратын тақырыптарды табу;
-пікірталастарға қатысу және сол арқылы инновацияны ынталандыратын саясатқа әсер ету;
-стартап саласындағы соңғы тенденциялар туралы хабардарлықты арттыру.

ENERGO UNIVERSITY