АЭжБУ-да «AUES IT CAMP» қысқы мектебінің ашылуы өтті

АЭжБУ-да «AUES IT CAMP» қысқы мектебінің ашылуы өтті


02.02.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 1 ақпанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жоғары сынып оқушыларына арналған «AUES IT CAMP» қысқы мектебінің ашылуы өтті. «Біз бұл курстың университет қабырғасында өтетінін мақтан тұтамыз. «АЭжБУ» - еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда алған білім Сізге мамандық таңдауда, сондай-ақ өмір жолында көмектеседі деп сенемін. Мүмкін осының арқасында сіз өз тағдырыңызды «АЭжБУ»-мен байланыстырасыз», - деді жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Абдуллина.


«AUES ІТ CAMP» - бұл 5 күндік лагерь, онда 8-11 сынып оқушылары бағдарламалау бойынша интерактивті мастер-кластарға қатысады. «Python - кез-келген ғылымда немесе салада күрделі тапсырмаларды орындауды жеңілдететін қарапайым, бірақ сонымен бірге жеткілікті дамыған бағдарламалау тілі. Курсты аяқтағаннан кейін оқушылар Python-да қалай бағдарламалау керектігі туралы нақты түсініктерге ие болады», - деді оқытушы Ғазиз Сейітқали.


Бұл жобаны іске қосу біліктілікті арттыру институты мен ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасының үйлесімді жұмысының арқасында жүзеге асырылды. «Өткен жылы ректор Сауле Саветовна Сагинтаева «AUES IT CAMP» жазғы мектебін ашты. Сол кезде жастардың қызығушылығын тудырған өте қызықты бағдарлама болды. Олар 2 апта оқып, сертификат алды. Енді биыл біз қысқы мектепті іске қостық, оның да сәтті өтетініне сенімдіміз. Бүгін қатысушыларға бағдарламалаудың жаңа тілдерін үйренуден қорықпауды тілегім келеді. Сізде бәсекелестікте айтарлықтай артықшылық пайда болды, өйткені «АЭжБУ»-да сертификатталған Python маманы сабақ береді. Сіз біздің студенттердің деңгейінде білім аласыз. Мектеп бітірген соң сіздер біздің керемет университетімізді таңдайсыздар деп үміттенеміз», - деді кафедра меңгерушісі Әсел Мұқашева.


Оқудың бірінші күні балалар Python-да бағдарламалаудағы көптеген нюанстар туралы білді. «Бұл жерде өте қызықты, танымды екен. Көп нәрсені үйрендім. Осы мектептің арқасында мен бағдарламалау шеберлігімді шыңдағаныма сенімдімін. Мүмкіндік бергендеріңіз үшін рақмет», - деді «AUES IT CAMP» қысқы мектебінің қатысушыларының бірі Максим.

ENERGO UNIVERSITY