«DAU key to be clever» Робототехника және 3D-үлгілеу бойынша тегін мектеп

«DAU key to be clever»  Робототехника және 3D-үлгілеу бойынша тегін мектеп


02.02.2022 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті оқушыларды 2022 жылғы 21 ақпан мен 4 наурыз аралығында өтетін Робототехника және 3D-үлгілеу бойынша «DAU key to be clever» тегін мектебіне қатысуға шақырады. ДС және ЖМ – робот техникасы сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін; СС және БС – 3D-модельдеу сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Сізді не күтеді:

-    «АЭжБУ»-дің сертификацияланған мамандарынан шеберлік-сабақтар;

-    Arduino тобындағы платформалармен жұмыс ісеуді және микробақылауыштарды бағдарламалауды үйренесіз;

-    робот техникасының жүйесін құрастыру дағдыларын игересіз;

-    қатты денелі модельдеудің негізін құрайтын принциптерді үйренесіз;

-    физикалық үдерістерді есептеу, талдау және симуляция түсінігі;

-    курсты өту сертификатына ие боласыз.

Кішкентай оқушыларымыз LEGO конструкторларын жинаудан бастаса, жоғары сыныптағылар бағдарламалауды меңгереді. Яғни, кез-келген сынып оқушылары өз қолымен робот жасап, 3D модельдеуді іске асырады!

Курсқа тіркелу үшін Instagram-дағы @aues_space парақшасына жазылып, direct-ке аты-жөніңізді, байланыс нөміріңізді және мектебіңіздің нөмірін жіберу керек. 

Оқыту курсы оффлайн форматта барлық санитарлық-профилактикалық нормаларға сәйкес өткізіледі.

Байланысу үшін:

+7 705 764 1878 Еңлік Меллатова 

iset@aues.kz

 

ENERGO UNIVERSITY