08.02.2022 Барлық жаңалықтар
Құрметті студенттер мен түлектер!
«Жас Өркен» жас мамандарды дамыту бағдарламасына қатысып, «Самрұқ-Қазына» АҚ холдингінің компаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндігін алуға шақырады.
Бағдарламаға не кіреді:
- еліміздегі үздік, әрі дарынды түлектерді дайындау;
- «Самрұқ-Қазына» АҚ холдингінің компаниясында мансап жолын бастауға мүмкіндік;
- компаниядағы топ-менеджерлердің жекелей жетекшілік етуі;
- айлық еңбек ақысы;
- жол төлемі;
- баспаналық төлем.
Толығырақ ақпарат бойынша бағдарламаның ұйымдастырушыларымен онлайн-кездесу барысында (11 ақпан, 15:00-де) біле аласыз.
Кездесуге сілтеме арқылы өте аласыз.