Табысты бизнесмендер Startup Bolashaq бизнес-жобаларына 100 млн теңге инвестициялайды

Табысты бизнесмендер Startup Bolashaq бизнес-жобаларына  100 млн теңге инвестициялайды


15.02.2022 Барлық жаңалықтар


«Startup Bolashaq» іскерлік реалити-шоуы – «Болашақ» қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық бизнес-жобалар конкурсы. Конкурс өмір сапасы стандарттарын одан әрі дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне озық білім мен технологиялар трансфері үшін кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын қолдауға бағытталған.

Конкурстың бесінші маусымында қатысушыларды жаңа ережелер күтеді. Гранттардың орнына ақтықсынға қатысушыларға белгілі қазақстандық кәсіпкерлер – бизнес періштелер Қаныш Төлеушин, Ерлан Исекешев, Арманжан Байтасов, Мұрат Абдрахманов, Гаухар Қапарова, Тимур Турлов, Еркин Длимбетов, Бейбіт Әлібеков, Қайрат Құдайберген, Динара Сәтжан, Тимур Қарабаев, Бахыт Үкікбаев және Нұрғиса Жұмағұловтан ірі инвестициялар ұсынылатын болады.

«Биылғы жылы біз өтінімдердің рекордтық санын күтеміз, өйткені Қазақстанның барлық өңірлерінен кәсіпкерлердің жоғары қызығушылығын байқаймыз. Бұл маусымды біз «Dragons` Den» әлемдік реалити-шоуының аналогы бойынша жаңа форматта ұсынамыз. Біздің жобамызды өз салаларындағы қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетуге және оларды жаңа деңгейге шығаруға дайын танымал көшбасшылар қолдайтынына біз өте ризамыз", - деп атап өтті конкурстың  бас серіктесі Қаныш Төлеушин.

Инвестицияның жалпы көлемі 100 млн теңгеден асады. Іскерлік шайқаста жобаның бизнес-періштелері 10 перспективалы бизнес-идеяны таңдайды. Конкурстың бесінші маусымынында салалар бойынша жас шектеулері мен басымдықтары жоқ екенін атап өту қажет, яғни жобалар кез келген қызмет саласында ұсынылуы мүмкін.

Бір жобаға қаржыландырудың ең аз көлемі 10 000 000 теңгеден басталады. Бизнесті одан әрі кеңейту мақсатында жаңадан бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қатыса алады.

Жоба бірнеше кезеңдер бойынша өтеді. Қатысушыларды республикалық арнадағы телевизиялық реалити-шоуда түсірілім, сондай-ақ бизнес жүргізудің заманауи әдістерін қолдайтын және үйрететін инвесторлар мен конкурстың үздік бизнес-жобаларының өкілдері арасында ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл жасау үшін түрлі құралдар мен ресурстарды ұсынатын жетекші бизнес-сарапшылардың тәлімгерлік және консультациялық қолдауы күтеді.

«Startup Bolashaq» республикалық конкурсының ақтықсыны Алматыда өтеді. Қатысушылардың жол жүру, тұру және тамақтану шығындары ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен төленеді.

Анықтамалық ақпарат:

«Болашақ» қауымдастығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бұл бағытта 2015 жылдан бастап «Startup Bolashaq» қауымдастығы республикалық бизнес-жобалар конкурсын іске асыруда. Конкурстың бес жылы ішінде 4 маусым өткізіліп, 5 000-нан астам бизнес-идея қаралды.

Биыл, «Болашақ» қауымдастығы өзінің 20 жылдығы аясында бас серіктесі - «Alawwal Partners» жеке инвестициялық қорымен бірлесіп, Қазақстанның табысты бизнесмендерінің қатысуымен бесінші маусымды жаңа форматта өткізеді.

Өтінім беру мерзімі 2022 жылғы 28 ақпанға дейін.                                     

Конкурс шарттары: startup-bolashak.kz

Жобаның барлық толық ақпараты: @startup.bolashaq

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда хабарласуыңызды өтінеміз!
телефон: 87785447878-Ілиясова Айдана Сәкеқызы 
электрондық пошта:  aid.iliyassova@aues.kz startup@aues.kz

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ   

 

 

ENERGO UNIVERSITY