Интерьер дизайнын жасауға арналған конкурс

Интерьер дизайнын жасауға арналған конкурс


11.03.2022 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы "АЭжБУ" КеАҚ  IT саласындағы жарыстарды өткізу және студенттерді киберспорт және бағдарламалау бойынша сыртқы олимпиадаларға қатысуға дайындау үшін жеке аудитория ашуды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты біз осы аудиторияның интерьер дизайнын жасауға арналған конкурс жариялаймыз!
Жеңімпаздың эскиздері бойынша бөлменің кеңістігі ұйымдастырылады, сонымен қатар оның  жаттығу немесе ойын ойнауға арналған қуатты машиналарға үнемі қолжетімділігі болады, әрі оның құрметіне аудитория қабырғаларының біріне алғыс тақтасы ілінеді.
Конкурс шарттары:
1.  14 наурызға дейін a.mukasheva@aues.kz эл. поштасына түйіндемеңі  және жұмыс мысалдарын жіберу;
2. Үй-жайды өлшеу үшін  (іріктелген қатысушылар) АЭжБУ-ға келу  (Б ғимараты, 411 аудитория);
3. 18 наурызға дейін дизайн жасап, оны a.mukasheva@aues.kz  эл. поштасына жіберу; 
Жеңімпазды біздің ЖОО-ның құзыретті және тәуелсіз комиссиясы таңдайды.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY