24.03.2022 Барлық жаңалықтар
2022 жылғы 11 наурызда «Kazdream Innovation» техникалық директоры Бақытжан Сейітқазинмен кездесу өтті, ол өзінің «The state of programming languages in 2022» таныстырылымында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттеріне бағдарламалау тілдері туралы айтып, оларға болашақта IT-секторында табысты жұмыс істеуге көмектесетін практикалық кеңестерімен бөлісті. «Мен көптеген студенттердің асығатынын, яғни 1 немесе 2-курстан бастап жұмыс істегісі келетінін байқаймын. Бірақ студенттік уақытты ақылды пайдалану керек, себебі уақыт қайта оралмайды. Алайда барлық уақытты тек қана оқуға жұмсау да – жақсы идея деп айта алмаймын. Алған білімді іс жүзінде қолдануды үйреніңіздер. Жұмыс тәжірибесі мен портфолиосы бар түлек еңбек нарығында жоғары бағаланады. Менің кеңесім: міндетті түрде тағылымдамадан өтіңіздер", - деді ол.
Таныстырылымнан кейін қонаққа сұрақтар қойылды.
- Талдау үшін Python қалай қолданылады?
- Python – ETL (ағылш. Extract, Transform, Load — сөзбе-сөз «шығару, түрлендіру, жүктеу») жасауға арналған тіл. Осы процестің арқасында сіз деректерді басқара және шығара аласыз. Сондықтан «питонда» көп нәрсені жасау оңай.
- Сіздің компанияңызда тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар ма?
- Иә, бізде тағылымдама бағдарламасы бар. Біздің жаңалықтарымызға қызығушылық танытып, HR бөліміне хабарласыңыз. Ондағы балалар сізге біздің компанияда тәжірибеден өту мүмкіндігі туралы айтып береді. Олар өте мейірімді.
- Деректерді талдауда Python баламасы туралы айтып беріңізші?
- SQL бар, бірақ ол құрал ретінде жүреді. Деректерді талдауда Anaconda және Jupyter Notebook сияқты «питонның» қандай да бір түрін қолданасыз және өзіңіздің алғашқы скрипттеріңізді Jupiter Notebook-те жазуыңыз ықтимал. Осы барлық экожүйе «питон» айналасында жұмыс істейді. Шағын бөлігін Java және Scala алады.
- Түлек сіздің компанияңызға жұмысқа орналасу үшін қандай дағдыларға ие болуы керек?
- Кім өзін білікті де, білімді маман ретінде көрсетеді – сол маманды аламыз. Мен өзім адамның жұмысқа қаншалықты қызығушылық танытқанына қараймын, себебі барлығының бірден тәжірибесі бола бермейді ғой, бірақ бұл біз сіздерге оқытушы боламыз деген сөз емес. Сондықтан егер адам талдау жүргізуді білсе, әрі тез бейімделсе, онда бұл үлкен артықшылық.
- Ресейден IT-мамандардың келуі қазақстандық мамандар үшін проблемаға айналуы мүмкін бе? Бәсекеге қабілеттілікті қалай арттыруға болады?
- Бұл мүлдем мәселе емес. Мен өзім жұмыс іздеп жүргенде, курсымдағы ең үздігі болдым және оқытушыдан ұсыныс хат алдым. Жұмыс тапқаннан кейін айлығым 5 мың теңгені құрады, олар тамақтану және жол жүру шығындарын мүлдем өтемеді. Бірақ мен нақты жұмыс тәжірибесін алуым керек екенін түсіндім. Кез келген жерден мүмкіндік іздеу керек. Бізде қазірдің өзінде жұмыс істеп жүрген студенттер өте көп (!). Ресейлік әріптестер бізге мүлдем бәсекелес емес.