ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-ға жұмыс сапары

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-ға жұмыс сапары


18.03.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Б.Т. Жумагулов, Д.Ж. Нукетаева, С.А. Макежанов,Н.Б. Жусип жұмыс сапарымен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне барды. Сенат депутаттарының тобын ректор С.С. Сагинтаева мен Директорлар кеңесінің төрағасы С.Ж. Дәукей қарсы алды.

Ректор мен Директорлар кеңесінің төрағасы таныстырылым жасап, Сенат депутаттарын АЭжБУ тарихымен таныстырды, сондай-ақ университеттің серіктестері туралы және оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерінің  жетістіктері туралы айтты.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті АЭжБУ-дың ғылыми жобаларын таныстырды, содан кейін Сенат депутаттарының тобы TUR, радиомонтаж, электр машиналары, телекоммуникациялық жүйелер және Schneider Electric, Siemens, Apple, Huawei компаниялары зертханаларында болды.

Іс-шара соңында оқытушылар мен студенттер Сенат депутаттарына энергетика саласын, робототехника мен аспап жасауды инновациялық дамытуға бағытталған студенттік жобалар мен әзірлемелерді көрсетті.

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY