Әлемдік деңгейдегі SMART СТУДИО ашылды

Әлемдік деңгейдегі SMART  СТУДИО ашылды


04.04.2022 Барлық жаңалықтар


Биылғы Ғұмарбек Дәукеев атындағы энергетикалық оқу орнында дәстүрлі әз-Наурыз мейрамын тойлау күніне (1.04.22.) қаратып, «Д» ғимаратының 311 бөлмесінен жаңа технологиямен жабдықталған бейнеге түсіру сапасы жоғары Smart студионы ашу рәсімі өтті.

Студионың қызметі білім берудің озық технологиясын қолданып әлемдік деңгейдегі үздік электронды оқу контентін даярлау.

Жаңашылдықты қолымен ұстап, көзімен көруге университет басшылары, кафедра меңгерушілері, оқытушы-профессорлар қонақтарын да ерте келді.

Ректорымыз Сағынтаева Сәуле Саветовна кешенді салтанатты түрде іске қосып, Smart студионың мүмкіндіктерін сынап көрді. Шыны тақтаға «Әз-Наурыз құтты болсын» деп жазып, «берер біліміміздің сапасы әлем деңгейіне көтеріліп,  ұжымымыздың табысы еселеп артсын» деген  жүрекжарды тілегін айтты.

Smart студио идеясының авторы әрі іске асырушы АЭжБУ-дің қашықтан оқу бөлімінің бастығы Марғұлан Уразаков студионы тамашалауға келген қауымға бар артықшылығын жайып салды:

Ерекшелігі, бұл кешен арқылы:

- дайын сапалы материал ұсына отырып, сандық контент жазасыз;

- тәжірибелі профессор-оқытушылар тікелей эфирде онлайн аудиториясымен материалдарын қолданып, сабағын жаза алады.

Артықшылығы:

- экранда бейнеңіз, бар іс-әрекетіңіз толық көрінеді,

- сөйлеп тұрып презентацияны тамашалауға шығара аласыз,

- шыны тақтаға қолмен жазбаша есептер, кестелер салуға болады; 

- ерекше түрлі-түсті фон беруде хрома кілтін қолданып отырасыз.

Ерекшелігі бұл кешеннің сапалы бейне түсіру технологиялық мүмкіндігі мол:

- Бейнекамера - тәжірибелі операторлар 4K/Full-HD форматында түсіретін заманауи 4K бейнекамералармен жұмыс істейді.

- Түсіру барысын жарықтандыру құрылғылары - алты тұрақты жарық көзі тұрақты жарықтандыруды қамтамасыз етеді.

- Lavalier микрофондары және жоғары сапалы дыбыс үшін дыбыс картасы бар.

- студияның іші дыбысты қорғайтын материалдармен жабдықталған.

Студионың таяу арадағы міндеті:

- қашықтан оқудың сұраныс-талабын ескеріп, университетімізде электронды оқу контентін әлемдік сұраныстарға сай толықтай жаңғырту;

- студио көмегімен оқытушы-профессорларымыз онлайн аудиториямен тікелей байланыс сапасы жоғары конференция, семинарлар өткізу, қатысу, шеберлік сабақтарды жүргізуді еркін жасайтын болады.

Студиодағы бүкіл түсірілім кезінде тәжірибелі операторлар қызмет көрсетіп, Сізге дайын бейнежазба көшірмесін бірден қолыңызға табыстап отыратын болады.

Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі

Б.Ж.Кабдушев

ENERGO UNIVERSITY