Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!


12.04.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті әріптестер!

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы атынан және жеке өз атымнан Қазақстанның ғылыми қоғамдастығын ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей,"Ғылым мен білім - прогрестің негізі".

Қазақстан ғылымының жарқын тарихы бар, оның беттерінде көрнекті ғалымдар өшпес із қалдырған. Олардың арқасында Қазақстанның бүкіл әлемде танылған ғылыми мектептері, заманауи технологиялық әзірлемелері, дамыған білім беру жүйесі бар.

Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен ғылыми қызметте табыстар тілеймін. Сіздердің ғылыми идеяларыңыз бен инновациялық жобаларыңыз іске асырылып, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және Қазақстанның әлемдегі алғашқы ғылыми державалардың қатарына кіруіне ықпал етсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі тілекпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы  Алматы энергетика және байланыс университетінің 

ректоры, профессор Сауле Сагинтаева

 

 

ENERGO UNIVERSITY