АЛИЯ ЗАКИРЖАНОВНАНЫ 50-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АЛИЯ ЗАКИРЖАНОВНАНЫ 50-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


03.05.2022 Барлық жаңалықтар


3 мамыр күні «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бисенова Алия Закиржановна 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Бисенова Алия Закиржановна 1972 жылы 3 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 1993 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ дефектология факультетін бітірген. Аталған оқу орнында 1997-2000 жж. Саясаттану және әлеуметтану кафедрасының 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығының аспиранты болды. 2010 жылы осы мамандық бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.

Бисенова Алия Закиржановна 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады. Бакалавриат студенттеріне «Әлеуметтік-саяси білім модулі: әлеуметтану, саясаттану» пәні бойынша сабақ береді. Оның 25 жылға жуық ғылыми-педагогикалық қызметтегі тәжірибесі студенттерге жоғары кәсіби деңгейде сабақ өткізуге мүмкіндік береді. Алия Закиржановна сабақ өту барысында үйреткен оқу материалдары білім алушылардың жадында жақсы сақталуы үшін түрлі әдістерге жүгінеді, соның ішінде атмосфераның жайлы болуы маңызды деп есептейді.

А.З. Бисенова әртүрлі  ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, 40-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектер жазған.

Сонымен қатар, «Саясаттану», «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі: әлеуметтану, саясаттану» пәндерін әдістемелік қамтамасыз ету картасының негізгі тізіміне енгізілген әдістемелік нұсқаулардың құрастырушысы болып табылады.  Ол университет пен студенттік жатақханаларда өткізілетін оқу тәрбиелік іс-шараларға да белсене қатысады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды шәкірттер, мол бақыт, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

ENERGO UNIVERSITY