Француз атташесі Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да ресми сапармен болды

Француз атташесі Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да  ресми сапармен болды


27.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 27 сәуірде Францияның Қазақстандағы Елшілігінің білім беру мәселелері жөніндегі өңірлік атташесі Ксавье ле Торривеллек Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да ресми сапармен болды. Мәртебелі мейманды Академиялық қызмет жөніндегі проректор С.Коньшин, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры М. Алиярова, ЭЭЖТИ директоры Ж. Әбдімұратов, АТИ директоры А. Досжанова, ТҒИИ директоры К. Әліпбаев, ЖЭБЖИ директоры А. Бегімбетова қарсы алды.

Өз сөзінде проректор С.Коньшин жоғары оқу орнының жетістіктері туралы айтып, Франция Елшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықтың айқын бағытын жасады. " Құрметті, Ксавье Ле Торривеллек мырза, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне қош келдіңіздер! Біз бүгін 7-8 француз ЖОО-мен ынтымақтасамыз. Бүгінгі таңда Сорбоннада докторантура бойынша біздің магистрант білім алуда. Біз осы кездесуден кейін түрлі мүмкіндіктерге жол ашылатынын білеміз және де Франциямен нақты ортақ жұмыс істегіміз келеді. Біз Француз студенттері мен оқытушыларын оқу орнымызға қабылдауға дайынбыз, сондай-ақ АЭжБУ-да француз сыныбын бірлесіп аша алатын едік. Қазақстанда француз тілін насихаттауға қуана көмектесеміз!» - деп С.Коньшин өз сөзін  қорытындылады.

Өңірлік атташе проректор С. Коншиннің ұсынысын құптай келе, ортақ әңгімені  одан да жемісті арнаға бұрды. "Құрметті Сергей Владимирович, мен тек Қазақстанға ғана емес, Қырғызстанға да жетекшілік етемін. Франция елшілігі білім беру нарығында тексерілген ойыншылармен жұмыс істеуге ұмтылады және АЭжБУ барлық критерийлерге сәйкес келеді екен. Біз көптеген мәселелер бойынша сіздермен ынтымақтасуға дайынбыз. Ал Сорбонна және ірі француз жоғары оқу орындары туралы тоқталатын болсақ,  Францияда бірегей білім беру жүйесі бар, ол  сонау орта ғасырлардан бастау алады. Напалеонның кезінде жоғары мектептер дамыды, олар бүгінде шағын болғанымен тиімді университеттер қатарында. АЭжБУ олармен жұмыс істей алар еді, өйткені бюрократия аз. Бұл менің кеңесім. Сонымен қатар сіз француз компанияларымен жұмыс істеп, олармен білім беру бағдарламаларын пысықтай аласыз. Сондай-ақ, біз сіздің студенттеріңізге көмектесуге дайынбыз. Біздің ұстанымымыз - дарынды және ынталы адамдарды қолдау. Ал АЭжБУ-да дәл осындай балалар оқитынына сенімдімін!» - деп өз пікірін білдірді франция елшісі.

 Француз қонағына зертханалар мен оқу үдерісі көрсетілді, ол нақтылаушы сұрақтар қойды және жалпы АЭжБУ инфрақұрылымына таңырқаушылық танытты. Қоштасу алдында тараптар одан әрі ынтымақтастыққа деген оң көзқарасын тағы да растады және жемісті кездесу үшін бір-біріне алғыс білдірді.

ENERGO UNIVERSITY